Басты бет » Қала тынысы » Найб мүфти Шымкенттің жаңа өкіл имамын таныстырды

Найб мүфти Шымкенттің жаңа өкіл имамын таныстырды

Найб мүфти Шымкент қаласының жаңа өкіл имамын таныстырды, деп хабарлайды Didarbek.kz ақпараттық агенттігі ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметіне  сілетеме жасап.

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов Шымкент қаласына арнайы келді.

Іс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметінен босатылып, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы болып тағайындалды. Тағайындау рәсіміне ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов арнайы қатысып, таныстырды.

Жаңадан тағайындалған Шымкент қаласының өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы 1972 жылы дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Сондай-ақ, найб мүфти Н.Тағанұлы Шымкент қаласының орталық мешітінде жұма намазын жүргізіп,  еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігі үшін дұға етіп, бата берді.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*