Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАНДЫҚ «САРЫН» ТОБЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ «САРЫН» ТОБЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында  өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың Х Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінде өңіріміздің талантты әншілерінен құралған «Сарын» тобы жүлделі бірінші орынды иеленді.


Фестивальдің мақсаты – танымал композитор  Ескендір Хасанғалиевтің әндерін насихаттаумен бірге қазақ ұлттық эстрада орындаушыларының шеберлік деңгейін көтеру, талантты жастардың өнеріне жол ашу.

Айтулы өнер бәйгесінде өңіріміздің намысын қорғаған  Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілерінен құралған «Сарын» тобы бұған дейін де бірнеше республикалық, облыстық байқауларда жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Жалпы, биылғы жылы түркістандық өнерпаздар республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп, топ жарып жүр. Ия, өңірімізде өнерлі жастар аз емес. Алдағы уақытта да Түркістан облысының атын байқауларда шығарып, өнердің биік шыңдарынан көріне берулеріне тілектеспіз!

Пікір жазу