Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түймебаев Мақтааралда 200 орындық мектептің ашылуына қатысты

Түймебаев Мақтааралда 200 орындық мектептің ашылуына қатысты

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Өңір басшысы ауданға жасаған сапарында Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылындағы жаңадан салынған Н.Бекежанов атындағы 200 орындық мектептің ашылуына қатысып, жергілікті жұртты жаңа оқу жылы қарсаңындағы қуанышты жаңалықпен құттықтады.


«Түркістан өңірі ең көп халық тығыз орналасқан аймақ. Туу көрсеткіші де жоғары. Мәселен, биылдың өзінде облыс бойынша бірінші сыныпқа 55 мыңнан астам оқушы келеді. Яғни, мектепке келетін оқушы саны 19 мыңға артқан. Демографиялық өсімге байланысты 2018-2025 жылдары аралығында өңірде 184 мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Биыл білім беру саласына қажетті 83 нысанның құрылысы қолға алынған. Оның 40-ы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Міне, бүгін де Мақтаарал ауданында жаңа мектеп ашылып, ауыл оқушыларына есігін ашады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Пікір жазу