Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Б.САҒЫНТАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — 2

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Б.САҒЫНТАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — 2

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарында ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы қойып отырған басты мақсат — қысқа мерзім ішінде жаңа ғимараттар құрылысын бастау. Премьер-Министр облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.

Бұдан өзге, Түркістанның дамуына бизнес өкілдерін тарту қажеттігі айтылды. Бүгінгі таңда бизнестен әлеуметтік нысандарды, қонақүйлер мен басқа да маңызды ғимараттарды салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр. Сондай-ақ облыстың дамуына «Самұрық Қазына» ҰӘҚ өз үлесін қосуды көздеп отыр.

Өңірді дамыту бойынша Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін қажетті қаражат толыққанды бөлінетін болады.

Көшіру барысы туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндады. Баяндалған ақпаратқа сәйкес, барлық жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тіркеуден өткен. Оларды орналастыру үшін Түркістанда жалпы аумағы 11 680 м2 болатын 12 ғимарат бөлінген. Бірінші кезеңде қызметкерлердің 70% көшірілді. 27 аумақтық орган үшін 16 ғимарат бөлінді. Қазір 14 ведомствоның өкілдері қалаға орналастырылып, өз жұмыстарын бастаған.

Облыс әкімі көшіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне жан-жақты тоқталды. Қазір қызметкерлерге 67 жекеменшік пәтер жалдауға ұсынылған. Орта есеппен, мұндай баспана айына 50–80 000 теңге болады. Сонымен қатар, Түркістанда уақытша орналастыру үшін жатақханаларда 305 орын, 14 қонақ үй; Кентауда — 275 орындық жатақхана мен 7 тұрғын үй әзірленген. Түркістанда 1200 пәтерлік 20 көпқабатты үйдің, Кентауда 420 пәтерлік 7 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысандар құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2019 ж. жоспарланған.

Пікір жазу