Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ОТЫРАРДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы, Отырар ауданында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Алқалы жиынға аудан әкімі Ерлан Айтаханов, Түркістан облыстық Білім басқармасының бас маманы Ғалия Жанаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды.
Залға жиналған қонақтар мен аудан мұғалімдері алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында есепті баяндама жасады.


Сондай-ақ, жаңа оқу жылының басты міндеттерін айқындаған алқалы жиында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, мәнін ашуға үлкен мүмкіндік беретін дәстүрлі тамыз кеңесінің мән-маңызына тоқтала келе, ұлағатты ұстаздарды басталғалы тұрған жаңа оқу жылымен құттықтады.
Жиын мұғалімдердің түрлі деңгейдегі марапаттау рәсімдеріне ұласты.

 

Ә.Ә.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*