Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ӨЛКЕТАНУ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

«ӨЛКЕТАНУ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану курсының оқулығы таныстырылды.

Оқулықты жазуда Түркістан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова бастаған облыстың және Шымкент қаласының шығармашыл әдіскерлерінен, ұстаздарынан құрылған төмендегі авторлық ұжым жұмыс жасаған:
1. Өмір Шыныбекұлы – Шымкент қаласы №41 мектеп-лицейінің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі.
2. Бибайша Бейсетаева – Шымкент қаласы, №47 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әлебиеті пәнінің мұғалімі.
3. Кулимхан Сейілбекова – Шымкент қаласы, №23 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі.
4. Жанар Ширманова – Шымкент қаласы, №90 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.


Онда туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы жан-жақты сипатталған. Мәдени, географиялық құндылықтары тереңдетіліп жазылған. Бұл кітапта тарихи өлкенің ешбір адам біле бермейтін аңыз-әңгімелерінен де сыр шертілген.

Оқулық “Өлкетану” және “Краеведение” деген атпен екі тілде жазылған. Қазір кітап мемлекеттік сараптамадан өтіп, баспаға жіберуге дайын тұр.

Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық ұйымдастырған жиында ұстаздар мен сарапшылар «Өлкетану» оқулығының маңыздылығына тоқталып, жаңа пәнді оқыту бойынша пікір алмасты.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу