Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА «АДАЛ ЖОЛ» ЭСТАФЕТАЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

ОТЫРАРДА «АДАЛ ЖОЛ» ЭСТАФЕТАЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

Білім күні мерекесі қарсаңында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан орталығындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясындағы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Адал жол» эстафеталық марафоны аясында өтіп жатқан «Адал ұрпақ – мәңгілік ел тірегі»  ашық сабағына қатысты.


Мектептің белсенді оқушыларынан құралған клубтың негізгі мақсаты — білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және оған қарсы күресті күшейту болып табылады. Ашық сабақты  «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Жомарт Мыңбаев жүргізіп, клуб мүшелерін «Әділдік», «Абырой», «Адалдық», «Жауапкершілік» атты 4 топқа бөліп сайыс түрінде ұйымдастырды. Әр топ өз ұрандары және мағынасы мен мән-маңызын түсіндірді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың адамзат баласына тигізер зардабы жайында бейнебаян көрсетіліп, оқушылар ойларын ортаға салды.


Қызықты да тартымды өткен ашық сабақтың соңына  дейін қатысқан аудан әкімі оқушылармен бірге сабаққа араласып, клуб мүшелерін одан әрі қызықтыратын әңгімелер айтып, пікірлерімен бөлісті. Еріктілер тобының алдағы жұмыстарының қандай бағытта өрбуі керектігі жөнінде де  идеяларды ортаға салды. Сондай-ақ сыбайластықтың алдын алу бойынша оқушыларға сауалдар жолдап, оқушылардың таным-түсігін арттыратын ойлы оқиғаларды сөз еткен аудан басшысы әр топ атауына берілген төрт қасиет әр адам баласының бойынан табылса сыбайластықтың қоғамнан мүлде жойылатынын тілге тиек етті.


Шара алдағы уақытта да түрлі деңгейдегі бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Қоғам мен болашақ алдында адал ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы зор бастама ел келешегі жастардың өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары аясында да орындалуы көзделуде.

Пікір жазу