Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АРЫСТА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Арыс қаласында оқу жылы қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

1 қыркүйек – Білім күніне орай, жаңадан салынған Дермене ауылдық округі, Қызылкөпір елді мекенінен 200 орындық жалпы орта мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Д.Әбіш, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанев, қала әкімінің аппарат басшысы Т.Анашбеков, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.

Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, бұл күні қала аумағындағы барлық мектептерде өтіп жатқан алғашқы қоңыраудың үні соғылды.

Пікір жазу