Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ҮЙІМЕ ҚОНАҚҚА КЕЛЕДІ»

«КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ ҮЙІМЕ ҚОНАҚҚА КЕЛЕДІ»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы – Темірланда Жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Қалдыбек Құрманәлімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, аудандық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кұрманәлі Жылқыбай, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Бактияр Тайжан, «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаев, «Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев, Ордабасы ауданы «Жастар орталығының» директоры Мұрат Сайлыбаев, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалымжан Шындалы қатысты.Кеш иесі қонақтарға шығармашылық жолы, өнердегі жетістіктері мен қолын кеш сермеген сәттері туралы айтып берді. Қалдыбек Құманәлінің Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Шаханов туралы әңгімелері ерекше әсерлі шығып отырды. Әсіресе, белсіз-беделсіз бір бәлеқорды 3-қабаттан лақтыруға шақ қалғаны туралы естелігі арызқойлықты өзіне кәсіп етіп алған алпыстағы ақылсыз бір байғұсты еріксіз есімізге түсірді. Жалпы алғанда бұл кездесудің жиналған жұртқа берері мол болды.

Асхат Әссанди

Пікір жазу