Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

Облыс орталығы Түркістан қаласында іргелі оқу орнының бар екенін көпшілік біле бермеке керек. Ия,  Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі – Түркістан жоғары медицина колледжі.

Бұлай дейтініміз, колледждің жарты ғасырлық тарихында 40 мыңнан астам білікті мамандар дайындалып шыққан. Олар республикамыздың түпкір-түпкірінде, алыс және жақын шет мемлекеттерде де сәтті қызмет етуде.

Білім алушылар үшін соңғы үлгіде жабдықталған, озық технологиялармен қамтамасыз етілген оқу бөлмелері бар.

Колледжде 5 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты жатақхана, 105 оқу лабораториялары мен пән бөлмелері, 10 дәріс залы, спорт кешені, бассейн, кітапхана, 3 оқу залы, 5 компьютер класы, 20 интерактивті тақтамен жабдықталған дәріс бөлмелері, «ЛАМАЗ» мектебі, клиникаға дейінгі бөлмелер, қалыпты және патологиялық анатомия мұражайы, фитобар, фитоогород, оқу дәріханасы, стоматологиялық оқу-поликлиникалық орталығы бар.

Мұндағы білім алушы жастар тек теориялық білм алып қоймай, практикалық жұмыспен ұштастыруда.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу