Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлебиде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Төлебиде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Төлебиде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде республикамызда Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілетін еді. Биыл алғаш рет бұл мерекені еліміз 5-ші қыркүйекте, қазақтың көрнекті әдебиеттанушысы, ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туылған күнінде атап өтуде. Алдағы уақытта осы тоғызыншы айдың бесінші күнінде Қазақстан халқы тілдері күні тойланатын болады.


Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен аудандық мұражай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірлесіп өткізген бүгінгі мерекенің негізгі мақсаты — мемлекеттік тілді тарату, көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау және өскелең ұрпаққа еліміздің аумағында тұратын халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет көрсету болды.
Осы атаулы дата, Қазақстан халқы тілдері күнінде, еліміздің жер-жерінде түрлі іс-шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізіледі. Төлебиліктер де бұл игі дәстүрден сырт қалмады.
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты тақырыпта поэзия мен өлеңнің фестивалі өтті.


Іс-шарада аудандық кітапхананың оқу залының меңгерушісі Азиза Монтаева қонақтарға қазіргі қазақы ауызекі сөлеу тілін қалыптастырудағы А.Байтұрсыновтың рөлі туралы айтып берді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары көрермендерге классикалық әдеби шығармалардан үзінділер оқып, көңіл сергітті. Ал, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек және ауданның этномәдени орталықтарының өкілдері жиналған қауымды Қазақстан жерінде түрлі ұлт өкілдерін біріктірген осынау аса маңызды мерекемен құттықтады. 10 адам аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кеш соңы  аудандық Мәдениет үйінің әртістері мен этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты.

Пікір жазу