Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан облысы, Келес ауданында ІТ сынып ашылды

Түркістан облысы, Келес ауданында ІТ сынып ашылды

Түркістан облысы, Келес ауданында ІТ сынып ашылды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Келес ауданының Абай ауылында орналасқан №73 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясында заманауи үлгіде жабдықталған IT сыныбының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға Нұр Отан партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Келес ауданы әкімі А.Есбаев, Келес аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков қатысты. ІT сынып заманауи компьютерлермен, 3D принтер, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған.

Өз кезегінде сөз алған партия төрағасының бірінші орынбасары қазіргі таңда мемлекетіміз тарапынан жастарға жасалып жатқан жағдайдың ауқымды екенін айта келе, жеткіншектерге еліміздің болашағы екенінін атап өтіп, сәттілік тіледі. Жоба Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Мұндай сыныптардың ашылуы өз кезегінде балалардың соңғы технология жетістіктерімен жақын танысуына мол мүмкіндік берері сөзсіз.

Пікір жазу