Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Келесте жаңа типті шағын футбол алаңы ашылды

Келесте жаңа типті шағын футбол алаңы ашылды

Қазақстан Республикасы Конститутция күні қарсаңында Келес ауданы Жүзімдік а/о Жүзімдік елді мекеніндегі №86 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп жанынан бой көтерген жаңа типті шағын футбол алаңының ашылу салтанаты болды. Шағын футбол алаңы кәсіпкер Зейнеп Оспанованың демеушілігімен бой көтерді. Салтанатты шараға аудан әкімі А.Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков, Жүзімдік ауылдық округінің әкімі О.Смайлов және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты сәтте сөз алған аудан әкімі А.Есбаев елден шыққан азамат З.Оспанованың ел игілігі үшін атқарған мәрттік ісіне алғыс айтты. Конститутция күні мерекесі қарсаңында елді мекенге жасалған үлкен тарту деп бағалады.
Өз қаражатынан 15 миллион теңге жұмсап, заман талабына сай шағын спорт алаңын салған кәсіпкерге ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. Ауыл ақсақалы О.Салықбаев тұрғындар атынан ыстық ықыласын жеткізіп, ақ батасын берді. Елге тарту етілген спорт алаңын жақсы күйде ұстау ауылдықтардың міндеті екенін айтты.
Салтанатты шара соңында жаңа футбол алаңының лентасын Аудан әкімі А.Есбаев және ауыл ақсақалы О.Салықбаев қиды, шашу шашылды. Футбол алаңының ашылған сәтінен соң жасөспірімдер ойын бастауға дайын болды. Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға доп қосу құрметіне аудан әкімі А.Есбаев ие болды.

Пікір жазу