Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қалыбековтіктерге қараша айына дейін газ берілетін болды

Қалыбековтіктерге қараша айына дейін газ берілетін болды

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысу үшін Достық және А.Қалыбеков ауылдық округтерінде болды, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Аудан басшысы 7 елді мекені бар А.Қалыбеков ауылдық округіне барды. Округтің жалпы көлемі 4564 гектар жерінде 8631 адам тұрады. Мұндағы тұрғындар да негізінен егін шаруашылығымен айналысады. Барлығы 535 шаруа қожалық округтің экономикасын көтеріп отыр. Округте ішкі жолдардың жағдайы жақсы, басым бөлігі асфальт төселген. Сондай-ақ, мұнда облыстық трасса жаңадан салынуда.

А.Қалыбеков округінде барлығы 4 мектеп, 6 балабақша, 11 сауда нүктелері, 2 мақта түту цехы, 1 СВА, 4 ФАП, 1 клуб, 1 кітапхана, 1 почта бөлімшесі тұрғындарға қызмет етуде.

Округке газ жолдары тартылып келгенімен тұрғындар көгілдір отынның рахатын көре алмай отыр. Бұл мәселемен жақсы таныс екенін және оны шешу үшін мәселемен тұрақты айналысып келе жатқанын айтқан аудан әкімі Б.Асанов алдағы қараша айына дейін газдың берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кейбір елді мекендердегі электр бағаналарын, трансформаторларды жаңарту мәселесін де ауыл тұрғындары көтерді.

Пікір жазу