Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Мақтааралда ардагерлер арасында кіші футболдан облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясына 23 жыл толкына орай Мақтарала ауданы,  Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында 50 жастан асқан ардагер спортшылар арасында «Алаш елінде, қазақ жерінде жастарға өрнек болайық!» ұранымен кіші футболдан облыстық жарыс өтті.

Сайысқа барлығы 6 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласынан 2 команда, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 1 командадан додаға түсті. Жалпы жарысқа қатысқан ардагерлер өздерін сергек ұстап, жоғары деңгейде белсенділік көрсетті.

Тартысты өткен жарыста оза шауып Мақтаарал ауданының ардагерлер командасы І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ІІ орынды Шымкент қаласының «Локомотив» командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының тағы бір «Наурыз» командасы иеленді.

Жарыста жүлделі орынды алған командалар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікір жазу