Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісай ауданы, Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

Жетісай ауданы, Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

Таяу күндері Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіне қарасты Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп, ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын. Сондай-ақ, әр абономентке жобаға сәйкес газ реттеуіш бекеттері орнатылды. Енді бірер күнде Қоғалы ауылының тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізбек.


Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы танысып, жауапты сала басшыларына Тыңдала ауылындағы газ құбырларын да сығымдаудан өткізу жұмыстарын ертерек бастауды тапсырды.


Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданындағы 113 елдімекеннің 45-і толығымен газбен қамтылған. Алдағы жылдары көгілдір отынға қол жеткізетін ауылдар саны тағы да арта түсетін болады. Мәселен, өткен айда Ж. Ералиев ауыл округіне қарасты Арай, Үтіртөбе және Көктөбе ауылдарына газ құбырларын тарту жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 358 млн теңге бағытталса, әзірге сол соманың 64 млн 357 млн теңге нақты бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Пікір жазу