Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, туған жердің қасиетті жерлері мен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Отырар жәдігерлері» атты кітап жарық көрді. Авторлары: мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және этнограф, өлкетанушы Абдулла Жұмашев.


Отырар аудандық əкімішілігінің демеушілігімен жарық көріп отырған бұл альбом-кітап Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық жəне рухани мəдениет туралы жинақты сыр шертеді. Онда Əбу Нəсір əл-Фараби жəне оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары мен тасбаспа мұралары, олардың өзі жəне отбасы тұтынған мүліктер, басқа да археологиялық-этнографиялық қолөнер бұйымдары, шаруашылық құрал-саймандары, Отырардың құпия көмбелері, сондай-ақ, 1930 жылға дейін Арыстанбаб кесене-мешіті жанында рухани ағарту ошағы болған шағын мұсылман кітапханасы туралы да сөз болады. Кітаптағы иллюстрациялық материалдар негізінен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Руханият – Əбу Нəсір əл-Фараби музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорынның қорында, сондай-ақ, жеке кісілердің қолында сақталған қолөнер бұйымдарының
түпнұсқасынан, фотосуреттерден түсіріліп пайдаланылды.
Альбом-кітап ежелгі заттық жəне рухани мұраны қастерлейтін көпшілікке арналған. Оқуға кеңес береміз.

Пікір жазу