Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 12.05.2021

«МЕЙІРБИКЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» КӘСІПТІК САЙЫСЫ ӨТТІ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының қолдауымен Шымкент жоғары медицина колледжінде 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «Мейірбике ісінің үздігі» қалалық кәсіптік сайысы өткізілді. Сайыс барысында «Ең үздік фельдшер», «Ең үздік стационар деңгейіндегі мейіргер», «Ең үздік акушер», «Ең үздік лаборант», «Ең үздік патронажды мейіргер» номинациялары бойынша II кезең – «Мамандығым — мақтанышым» өзін-өзі таныстыру» және ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, Татуластыру орталығының басшысы қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы кезде атқарылатын міндеттер толыққанды талқыланды. Сондай-ақ, Заң клиникасының жұмысын жолға қою бойынша кеңінен ақпарат берілді. Бауыржан Ілімшеұлы алдымен, өткізілген кездесулер, іс-шараларды баяндады. Жалпы 2021 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Үшінші мегаполисте Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында бүгін қаладағы «Ақмешіт» орталық мешітінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды. Азық-түлік себетіндегі күнделікті ас-ауқатқа қажетті макарон, май, шай, тәттілер шымкенттік отбасыларға үлестірілді. Бұл игі бастама Шымкенттің қайырымды қала екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Аталған акция аясында 32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Шымкентте инновациялық жобалар жобалар байқауының қорытындысы шықты. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы Үсен Исаев мәлім етті. – Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру бойынша жобалар байқауы өтті. Аталған конкурсқа құжаттар 5–19 сәуір аралығында «Заңғар» бизнес орталығында ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығына жоспарланған ҚР халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге Шымкент қаласының ұйымдастыру мен нұсқаушылық мәселелерін шешу жөніндегі арнайы комиссиясының отырысы өтті. Басқосуда аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары пысықталды. Жиында ұлттық халық санағының маңыздылығына тоқталып, бұл жолғы санақтың бұрынғыдан басты ерекшелігі – электронды форматта өткізілетіндігінде. Ұлттық санақты жоғары деңгейде өткізу ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНВАТАКСИ ТЕГІН

Бүгінде Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. қалада мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған. Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, №1 Студенттер үйімен және ондағы үйірме орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 11 үйірме университет студенттері үшін жұмыс жасайды. Үйірме студенттері жасаған бұйымдар орталықтағы арнайы көрме залына қойылған. 2015 жылы ашылған 12 қабаттық №1 Студенттер үйі барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде екі студенттен тұрады, санитарлық тораппен, арнайы жиһазбен, тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМІ АРТҚАН ЕКІ АЙМАҚТЫҢ БІРІ

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, ...

Толығырақ »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті. Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді. Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін ...

Толығырақ »