Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 18.06.2022

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗДЫҢ «ЕҢ ТӘТТІ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қала күні мерекесіне орай екі күнге жалғасатын «Balmuzdaq Fest» фестивалі басталды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған қаладағы 35 кәсіпкер өтінімін білдірген. Оның ішінде, балмұздақ, салқын сусындар мен тағамдар бар. Қала үшін айтулы күнге орай гастрономиялық туризмді дамытып жүрген кәсіпкерлер балмұздақтардың сан ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкентте қала күніне арналған кереметтей іс-шараның бірі шаһарымыздың сүйікті демалыс орны Абай саябағында өтіп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап. Алдын ала іріктеуден өткен  он алты отбасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын «ОтбасыFest» байқауында бақтарын сынауда. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының қуанышымен бөлісуге келген шаһарымыздың бас ұстазы, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева сайыскерлердің ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ӨТУДЕ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қала күні» мерекесіне орай 17 шағынаудандағы Қ.Жандарбеков аллеясында аудан тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Еңбекші ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаламыздың экономикасы мен әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіпкерлер, көше, үй комитет төрағаларын жиында алғыс хаттармен марапатталды. Ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері және ...

Толығырақ »

БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУГЕ БЕС ЖҮЗДЕН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласы күніне орай бұқаралық жүгіру, сондай ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала күніне арналған жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысына 500-ден астам қала тұрғыны қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Исахов саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысы  Royal фитнес клубының алдынан басталып, Наурыз алаңында қорытындыланды. Саламатты ...

Толығырақ »

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясында Келесте келелі кездесу өтті

Келес ауданының полиция қызметкерлері әкімдік жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы төрағасының хатшысы Ж.Махамбеталиева, аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова, полиция майоры Э.Есенкулова, полиция майоры С.Абдрахов, психолог С.Мұрат және де «Сәт» телеарнасының қызметкерлері қатысты. Шараға жиналғандар зорлық-зомбылық бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Жалпы,  көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық ...

Толығырақ »