2020 жылы 1-қаңтарынан бастап елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енді. Осы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ел ішінде түсінбестіктер жоқ емес.
Сайрам ауданындағы Оқу-өндірістік комбинатының кезекті педагогикалық кеңесінде медбике М.Джумалиева ұжым қызметкерлеріне МӘМС туралы, оның қалай жұмыс жасайтыны туралы түсіндіріп өтті.
МӘМС дегеніміз тұрғындар екі түрлі пакет бойынша көмек алады яғни осы жылдың сәуір айынан Тегін медициналық кепілдендірілген көмек және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. МӘМС-бұл азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Ал Тегін кепілдендірілген көмекті үкімет қаржыландырады. МӘМС жүйесінің артықшылығының өзі «Мүмкіндігіңе қарай төле, Медициналық көмекті қажетіңе қарай ал» деген приципке негізделген яғни бұл жерде халық бірдей жарнаны төлейді, бір пакетті пайдаланады. Оның ішінде медициналық көмектің барлық түрі қамтылған , бағасы қымбат жоғары технологиялы көмек, қымбат операциялар, дәрі –дәрмек, МРТ,КТ, қымбат анализдер т/б. Бұл жаңа жүйеде халық медициналық және дәрілік көмекті тең дәрежеде алады, сондай-ақ емдеу мекемелеріне де қойылатын талап күшейіп бәсекелестік артады, бәсекелестік бар жерде сапада болады, дейді мамандар.
Мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар азаматтар 15 категорияны құрайды. Жалпы МӘМС тағы бір артықшылығы, біздің елде емге жұмсалатын шығынның 40-50 % адамдар өз қалтасынан төлейді. Ал, жаңа жүйе осы шығындардың белгілі бір бөлігін сақтандыру есебінен жабуға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, жаңа реформаның артықшылығы да, міне, осында.