Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҒАН ЖӨН

ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҒАН ЖӨН

Жергілікті тұрғын қаладағы Диваев көшесінің бойында бағдаршам мен жасанды жол кедергілері мүлдем жоқ болғандықтан, кейбір автокөлік жүргізушілері жылдамдық тәртібін сақтамай жүретінін айтқан болатын.

Аталған мәселе Шымкент қаласы Полиция департаментімен назарға алынып, Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері осы мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдау мақсатында аталған мекенжайға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Диваев көшесінің ұзындығы 2 км 300 метрді құрап, онда жол жүрісін реттейтін жалпы 57 жол белгілері орнатылған. Атап айтқанда: «Бағдаршам» – 2; «Жасанды жол кедергісі» – 2 (белгісі – 4); «Басты жол» белгісі – 8; «Жол беріңіз» белгісі – 20; «Тұрақ орны» белгісі – 3; «Жаяу жүргіншілер өткелі сызбасымен» – 4 (белгісі – 14).

Жасанды жол белгілері — оқу-тәрбие мекемелерінің, балалар алаңқайларынан, көпшілік демалатын орындардың, стадиондардың, вокзалдардың, үлкен дүкендер мен сауда орындарынан, метрополитен станцияларынан өтетін бөлікке шығатын жолы бар орындарда қолданылады және орналастырылады.

Осы орайда, қаладағы барша жол қозғалысының қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз!

 

 

 

Пікір жазу