Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР АУДАНДА ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР АУДАНДА ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірқатар аумақта газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Байдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында, хайуанаттар бағы аумағында автомобиль жолын кеңейту және жолайрық салу жұмыстарына байланысты газ беру уақытша шектеледі.
Газбен жабдықтау Тараз шағынауданының Парасат, Таңшолпан, Өркениет, Жетісу, Шаңырақ, Айшабибі, Мырзаходжаева және Байтерекова көшелерінде тоқтатылады.
Солтүстік-Батыс және Шапағат-2 шағынаудандарындағы Кербұлақ, Үшөзен, Ақшатау, Ақшоқы, Аманқарағай, Ақсай, Шоқтал, Гүлстан, Мәртөбе, Алтынайдар, Барсығанкөл, Өтегенбұлақ, Арғынбеков, Дербес, Төлеметов және Байдібек би көшелері де газсыз қалады.
БАМ және Түркістан шағынаудандарында Жаңа ғасыр, Айқап, Жаңалық, Жұлдыз, Ақсүйек, Тракторшілер, Береке, Беткей, Жаңақала, Ынталы, Көктас және Іргелес көшелерінде газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
Тұран шағынауданындағы Үкілі Ыбырай, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Омбы, Өгем, Байғұлы, Ойқараған, Досжан, Алатау батыр, Талдыарық, Әшірбек Сығай, Әміре Қашаубаев көшелері мен Алматы тасжолына да шектеу енгізіледі.
Наурыз шағынауданында Байтұрсынов, Марғұлан, Қарабұлақ, Сауран, Рысқұлов, Қобда, Жалын, Қордай, Жанкент, Дәулетұлы, Тұякбаев, Жаңарқа, Тоқсанбаев, Байырқұм, Мыңжылқы көшелері, сондай-ақ Байдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады.
Уақытша шектеу 179 ірі панельді тұрғын үйді, яғни 10 670 пәтерді қамтиды. Сонымен қатар «Smart», «Prime Park», «High Park», «Атамұра», «Тұмар», «Grand Park», «Prank Aura», «Бәйдібек», «Саялы», «Биік», «Изумруд», «Наурыз парк» және «Жас-Отау» тұрғын үй кешендеріне газ беру тоқтатылады.
Бұдан бөлек, 600 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 12 822 жеке тұрғын үй және 34 өнеркәсіптік кәсіпорын уақытша газбен жабдықталмайды.
Тұрғындардан газ беру тоқтатылған кезеңде газ құралдарының крандарын жабық ұстау сұралады. Сондай-ақ жұмыстарды жүргізу және газбен жабдықтауды қайта іске қосу кезінде «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы қызметкерлерінің нысандарға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажет.
Газдың иісі сезілген жағдайда дереу 104 нөміріне хабарласу керек.
Газбен жабдықтаудағы уақытша шектеулер жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстарға байланысты енгізіліп отыр. Тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, түсіністік таныту сұралады.

Пікір жазу