Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шымкент қаласының «Астана» алаңы бүгін ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.

Ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламада жергілікті шығармашылық ұжымдармен қатар, елімізге танымал өнер жұлдыздары — Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, ӘділетЖауғашар, Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Еркеш Хасен өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты — ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау.
Республика күні – халқымыздың өткен жолын саралап, тәуелсіздігіміздің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды мереке.
Шымкенттегі мерекелік іс-шара осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.
Мерекелік кеш ертең де Астана алаңында жалғасын тауып, соңы жарқын отшашумен қорытындыланады.

 

Пікір жазу