Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтуде.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 64 команда қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада бақ сынап, білімдері мен шешендік шеберліктерін көрсетуде.

Турнир аясында АПФ форматы бойынша төрт іріктеу ойыны өтсе, ЛД форматында қатысушылар 1/8, 1/4 және 1/2 финалдық кезеңдерде өзара мықтыны анықтайды.

Зияткерлік дода жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз көзқарасын дәлелді жеткізуге, қарсы тараптың пікірін саралауға және шешендік өнерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Пікір жазу