Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте жастардың құқықтық сауатын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды негіздерінің бірі. Заңды білу, өз құқығы мен міндетін түсіну жасөспірімдер мен студенттердің жауапкершілігін арттырып, құқық бұзушылыққа және заңға қайшы әрекеттерге араласудың алдын алуға ықпал етеді.

Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Қуаныш Серікбайдың айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.

– Бұл біз ұйымдастырып отырған алғашқы шара емес. Жастардың құқықтық сауатын арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты негізде жалғасып келеді, – деді ол.

Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары кеңейтіледі. Қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында жастарға арналған кездесулер циклі басталады. Оларға спикер ретінде Полиция департаменті, прокуратура және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қатысады.

Кездесулер барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша мамандардан нақты жауаптар алуға мүмкіндік алады. Мұндай ашық форматтағы пікір алмасу жастардың заң талаптарын дұрыс түсінуіне және күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтаудың маңызын ұғынуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Негізгі міндет – жастардың құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, оларды заңды құрметтеуге, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға белсенді атсалысуға бағыттау.

Құқық қорғау және қадағалау органдары өкілдерінің қатысуымен өтетін кездесулер барысында студенттерге заң талаптары түсіндіріліп, нақты жағдайлар мысалында құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланады. Бұл жастардың заңға деген құрметін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір жазу