Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласының көрсеткіші артып отыр

Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласының көрсеткіші артып отыр

Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласының көрсеткішіөткен жылға қарағанда едәуір артып отыр.

Ауданның ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артқан.


Жалпы өңірлік өнімнің 55,5 пайызын құрап, басқа аудан, қалалардың ішінде 2 орында.
Оның ішінде, мал шаруашылығы 22 млрд. 860 млн. теңгені құраса, егін шаруашылығы 21 млрд.009 млн.теңгені құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 374 гектарға орналастырылып (жоспар 65 100), өткен жылмен салыстырғанда 7 083 гектарға артты.
Ағын судың жылдан-жылға тапшылығын ескере отырып, мамандар ауылшаруашылық саласында суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыруға жоспарға алуда.
Жалпы ауданда 85 канал, 231 дренаж, 3 су қойма,33 131 га суармалы жер бар.
Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, 9 000 гектарға (30 пайыз) ағын су жетіспеушілігі туындайды.
Өткен жылы 3 каналға (Республикалық бюджеттен Қажымұхан а/о Қызылсеңгір, Маса жалпы ұзындығы 20,6 шқканалдарына 10 млн. 068 мың теңгеге, облыстық бюджеттен Қараспан ауыл округіндегі Қараспан магистралды каналының 6,2 шақырымына құны 12 млн. 525 мың теңге) механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 227 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.
Биыл, 10 каналға (Бөржар а/о Алпар, Мұсабек каналдар, Бадам а/о Керіш каналы, Шұбар а/о Бағлан каналы, Қажымұхан а/о Найман, Құртай, Қазыналық, Шабай, Бозшымыр, Айыр каналдары)механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, каналдардың су өткізгіштік қабілеті артып, ағын сумен толық қамтылады және өнім көлемі артатын болады.
Тамшылатып суару әдісі өткен жылы 760 гектар жерге енгізіліп, жалпы 1787 гектарды құрады. Оның ішінде, жеміс-жидекке – 620 га, бақшаға – 317га, көкөніс – 501га, мақтаға – 349 га тамшылатып суару жүйесі қолданылды(Шұбарсу ауыл округінде 2019 жылы қолданылмаған).
Осы жылы Қажымұқан ауыл округінен 387 гектарға қарбыздың осы сұрпын егу жоспарланды.
Өткен жылы егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында Қараспан ауыл округінде «Еңбекшіл» шаруа қожалығы және Шұбар ауыл округінде «Ақорда» ЖШС егістік жерлерді тиімді пайдалану арқылы жылына 2 рет өнім алды.
Бұл бағытта, биылғы жылы әр ауыл округінде 10 шаруашылықтан жобалар таңдалып, іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу қарастырылып отыр.
Негізінен бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл округтерінен — 90 шаруашылық — 171,9 гектар жерге маусымында 2 рет өнім алу бойынша қияр, картоп, қарбыз,қызанақ, асқабақ, қырыққабат егу жоспарлануда.
Өткен жылы 47 бірлік техника (38 доңғалақты трактор, 3 пресстейтін техника, 6 жүк тиегіш)алынды. Инвестициялық құны 959 млн. теңгені құрап, бұған мемлекеттен 208 млн. теңге субсидия төленді.
Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту үшін өткен жылы 117 гектарға қарқынды бау шаруашылығы іске қосылып, ауданда жалпы 468 гектарға жетті (Мәлімет үшін: Өнім беретін 351 га баудан жалпы — 5250 тонна өнім алынды. Осы баулардан 3-ші жылы 15-20 тонна өнім алынса, 6-7 жылдары 60 тоннаға дейін өнім береді ).
Мал шаруашылығын асылдандыру бағытыда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылып келеді.
Есепті жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 588 ірі қара мал алынып, тапсырма (360 бас)163 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасымен жоспарланған алынатын мал саны 1950 бас болса, нақты алынғаны 2 446 бас немесе 125 пайызға (Қаржы ұйымдарынан ұсақ мал басын көбейтуге 12 шаруашылыққа 217 млн. теңге несие берілді), «Құлан» бағдарламасымен алынатын 269 бас жылқының, нақтыалынғаны 389 бас немесежоспар 144 пайызға орындалды (Қаржы ұйымдарынан жылқы басын көбейтуге 22 шаруашылыққа 92 млн. 758 мың теңге несие беріліп, 290 бас жылқы сатып алынды).
Өткен жылы, шет елдерден етті бағытта — 315 бас және сүтті бағытта — 34 бас импорттық аналық ірі қара мал сатып алынып, әкелінді.
Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны — 279 бірлік, 2019 жылы 47 бірлік мал бордақылау алаңы ашылды (оның 36-і қаржы ұйымдары арқылы 87,6 млн. теңгеге несиелендіру жолымен ашылған, 11-і өз қаржылары есебінен).
Аудандағы мал бордақылау алаңдарында жалпы 14 261 бастан орта есеппен 3 466 тонна (іқм, жылқы, қой тірі салмақта) ет өндіріліп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының базарларына өткізілуде.
Ауданда жалпы 84 бірлік сүт фермаларында 1 260 сиыр бар, олардан 3 326 тонна сүт сауылды. Осы сүт фермалардың ішінде 2019 жылы 21 бірлік сүт фермасын ашу жоспарланып, нақты 26 бірлік ашылды немесе тапсырма 124 пайызға орындалды.
2019 жылы 2 бірлік шағын құсфермасы Бөржар а/о, Ұялыжар ауылында жылына 58,5 тонна құс етін өндіру бағытында 15 мың бас болатын жанұялық құс фермасы(өз қаржысымен құны – 12 млн. тг)іске қосылып, 15 тонна құс еті өндірілді.
Шұбар а/о жылына 25 тонна қазы етін өндіру бағытында 1500 бастық асыранды қаз өсіру фермасы(өз қаржысымен құны – 30 млн. тг)іске қосылды. Өткен жылы 10 мың дана жұмыртқадан қазы балапанын өндіріп, келешекте өндіріс қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Пікір жазу