Бүгінгі таңда Ордабасы ауданында өнеркәсіп саласында 35 кәсіпорын бар (оның ішінде тоҚтап тұрған, перспективалық даму бағыты айқын емес кәсіпорын жоқ.
Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2018 жылы 18 млрд. 020 млн. теңге өндірілсе, есепті жылы 19 млрд. 251 млн. теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 231 млн. теңгеге артығымен орындалып, 105,8 пайызды құрады, облыс көлемінде 4-ші орында тұр (облыстық деңгейдегі өнеркәсіп көлемінің 3,9 пайызы).
Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында ауданымызда Қазақ-Түрік бірлескен индустриалды аймағы құрылған. Индустриалды аймаққа (ӨҮК) өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауымен келген инвесторларға жер телімі беріледі, екінші деңгейдегі банк ұйымдары арқылы берілетін несие қаржының 50% субсидияланады және инженерлік инфрақұрылым желілері (бюджет есебінен газ құбыры, электр энергиясы, су, жол, темір жол) тартылады.
Ауданымызда құрылған индустриалды аймақтың жалпы алаңы 102,5 га (оның ішінде 50,5 га коммерциялық жер) 6 жоба 19 млрд. 714 млн. теңгеге, 240 жұмыс орнымен орналасқан (о.і. 21,1 га инфрақұрылым желісін тартуға белгіленген, 1,1 га су мұнарасы, бос жер телімі 15,8 га), оныңинвестициялық құны 14 млрд. 885 млн. теңгеге 3 жобасы іске асып, 178 жұмыс орнымен жұмыс жүргізуде.
Бұдан бөлек, мемлекеттік жер теліміне 3 инвестициялық жоба құны 4 млрд. 829 млн. теңге, 62 жұмыс орнымен («Gold Aluminum», «Александровский сад», «Madeyra Company» ЖШС) аймаққа орналасуға облыс деңгейіндегі өңІрілік үйлестіру кеңесімен мақұлданып, аймақтан жер телімі бөлінді. 2020 жылы «Александровский сад» ЖШС-нің сыйымдылығы жылына 1,6 мың тонна жеміс, көкөністі сақтау қоймасы инвестициялық құны 824 млн.теңге, 15 жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде.
Экспорт: Біздің аудан өз өнімдерін экспортқа шығаратын аудандардың бірі. 2019 жылы экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың саны — 11 бірлікті құрап, олармен жыл көлемінде жалпы құны 5 млрд. 404 млн. теңгеге экспортқа өнім шығарылды.
Импорт: 2019 жылдың есепті кезеңіне ауданға 15 шағын және орта бизнес өкілдерімен жалпы құны 511 млн.теңгеге импорт тауарлары енгізілді.
Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Аудан экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 29,4 пайыз. Есепті мерзімде шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 974 субъектінің ішінде 10 458 бірлігі белсендi іс әрекетте(оның ішінде 68,9 пайызы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік субъектілер, 31,1 пайызы сауда, қызмет саласындағы субъектілер), яғни 95,2 пайызды құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда белсенді субьектілер саны 108,6 пайызға артып отыр (2018 жылы 9632).
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасымен есепті жылы – 24 жоба, жалпы құны 7 млрд 954 млн. теңге ұсынылып, оның ішінде 7 жоба 311 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Қалған 17 жоба 7 643 млн. теңгеге 2020 жылы іске асыру жоспарланды.
Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлемінде аудан 4 орынға тұрақталды.