Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың ұжымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен бірге көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуін, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, қолданылған пәрменді шаралардың айтарлықтай нәтижесі де бар. Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті де осы бағытта қызметкерлер арасында түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер өткізіп, баспасөз беттерінде, теледидар және радио арқылы халыққа көрсетіп отырады. Осындай іс-шаралардың бірі департаменттің жас мамандары арасында жуырда ғана өткізілді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Тасқараевтың бастамасымен «Біз болашақты жемқорлықсыз құрамыз!» атты акция-эстафетасы бастау алды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және жеке құрамның арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру. Эстафета Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің барлық аумақтық бөліністерінде жалғасын табады. Қазіргі таңда бұл акция-эстафета Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жолданған және ол Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде мәресіне жетеді.
Сонымен бірге бұл акцияны Оңтүстік Қазақстан облысының барлық қалалар мен аудандардағы Төтенше жағдайлар басқармаларында және бөлімдерінде қолдау тапты. Жеке құрамның күшімен әзірленген бейнеролик бір-біріне жолданып, Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде мәресіне жетеді. Ал басшылық тарапынан ең үздік деп танылған бейнероликтің иелері бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталады.
Мамандардың жұмыс уақытының тығыздығына қарамастан, қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл іс-шараның жастарға берер тәрбиелік үлесі зор. Елбасы Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», – деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен азаматтық қорғау органының қызметкерлері де Жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды.
Нұрболат Дербисов,
азаматтық қорғау полковнигі,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы