Сайрам-Өгем МҰТП-і Батыс Тянь-Шанның солтүстік — шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби, Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен ұйымдастырылған.
Парктің жалпы көлемі 149 037,1 гектар.
Соның ішінде:
— Өгем филиалында — 76 573 га;
— Төлеби филиалында – 45 493,1 га;
— Түлкібас филиалында – 26 971 га.
Шекарасының жалпы ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 135 шақырым.
Парк аумағы 4 функциональдық аймаққа бөлінеді:
— Қорықтық тәртіп аймағы — 55 589,4 га 37,3%
— Шектеулі шаруашылық қызмет аймағы 60 628 га; 40,7%
— Рекреациялық және туристік қызмет аймағы — 19 711 га; 13,2%
— Экологиялық тұрақтылық аймағы 13 124,6га; 8,8%
Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында өсімдіктердің 1635 түрі өседі, олардың 62 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Атап айтқанда: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, Кавказ таудағаны, Қаратау жуасы, Арольков аронигі, Зеравшан аршасы, Піскем жуасы, Янчевск қарақаты т.б.
Сүтқоректілердің 59 түрі мекендейді, олардың 10 түрі еліміздің Қызыл кітабына енген: Мензбир суыры, Ақбауыр жарқанат, Жиыререн, кеңқұйрық жарқанат, Тянь-Шань қоңыр аюы, Тас сусары, Шұбар күзен, Қар барысы,Түркістан сілеусіні, Қаратау арқары, Үнді жайрасы.
Құстардың парк аумағында 300-ге жуық түрі кездеседі, олардың 30 түрі “Қызыл кітапқа” енген: Бүркіт, Ақ ләйлек, Алакөз қарала үйрек, Жылан жегіш қыран, Ителгі, Лашын, Дуадақ, Безгелдек, Қарабауыр шіл, Қоңыр кептер, Үкі, Көкқұс, т.б.
Батыс Тянь-Шань тау жүйесі жабайы табиғат әлемінің қайталанбас бөлігі. Онда:
— биік те мәңгі қарлы Сайрам шыңы теңіз деңгейінен
— “Қырыққыз” жартасы (тасқа айналған қырық қыз туралы аңызы).
— Мақпал көлі — теңіз деңгейінен 2100 м биіктікте өте сұлу, жылы көл.
— Сусіңген көлі, теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте (суы жерге сіңіп кетіп отырады).
— Сазаната өзенінің басындағы тастағы таңбалар (петроглиф) — жартасқа қажалған қола дәуірінің белгілері;
— Тоғытпа өзенінің орта беліндегі тастағы таңбалар (петроглиф), және т.б. ерекше көріністер бар
Ұлттық парк аумағында 10 туристік бағыттар (соқпақтар) ұйымдастырылған, оның ішінде 4 атты- жаяулы бағыт, 5 жаяу бағыт және 1 аттылы бағыт.
Туристік соқпақтардың жалпы ұзындығы 604 шақырым, оның ішінде 187 шақырымы – жаяу, 231 шақырымы аттылы, 186 шақырымы – автомобильді бағыт. Барлық бағыттар серуендеу, танымдылық және спорттық – сауықтыру мақсатына бағытталған.
© Түркістан Туризм Орталығы