Елімізде жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылған, яғни карантин аяқталғанша емханалар пациенттерді тек шұғыл жағдайда қабылдайды. Карантинге қарамастан емхана жаңа режимге көшті. Жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін аптасына 6 күн, яғни, сенбіде де жұмыс істейді. Дегенмен мамандар келушілерді «таза» және «лас» деп екі топқа бөледі. Қызметкерлер азаматтарды тепловизормен тексеріп, дене қызуы жоғары пациенттерді бөлек есіктен фильтр кабинетіне жібереді. Ал өзге науқастар күту залында қауіпсіздік үшін арақашықтықты сақтауы керек. Жүкті әйелдер мен созылмалы аурулары бар пациенттер уақтылы тексеруден өтіп отыруы тиіс.
Карантин кезінде де қажет жағдайда шұғыл медицина көмегі көрсетіледі. Алайда, жоспарлы көмек карантин толық алынғанға дейін кейінге қалдырылды. Азаматтарға үйден шықпай учаске дәрігерінен, бейінді мамандардан қашықтан кеңес алу ұсынылып отыр. Қандай да бір тексеруден өту қажет болған жағдайда дәрігер уақытын белгілеп, пациентті өзі шақырады. Дәрігерден үйде отырып кеңес алуға болады. Бейінді мамандар да қашықтан жұмыс істейді. Олардың қатарында жұрт көп сұрайтын — эндокринолог, неврапотологтар мен кардиологтар бар. Бейінді мамандардан кеңес алу үшін учаске дәрігерімен немесе медбикемен байланысып, сұрауға болады. Қажет болған жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады. Жағдайыңыз ауыр болса, жедел жәрдем шақыруға болады. Ол шұғыл қызмет көрсету үшін емхана жанынан құрылған және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Егер жіті респиратор вирус инфекциясының белгілері болса, бірден «103-ке» телефон соғу қажет. Мұндай шақыртуларға арнайы мамандандырылған бригада көмекке келеді. Қажет болған жағдайда коронавирус инфекциясына тексеру үшін пациентті стационарға алып кетеді. Созылмалы ауруы бар пациенттерге келетін болсақ, олар сырқатының ерекшелігіне байланысты учаске дәрігерлері мен бейінді мамандардың тұрақты дистанция мониторингінде болады. Паллиатив көмекті үйде арнайы бригада береді.
Карантин кезінде жаңа туған балаларға және босанған әйелдерге патронаждар тізімі периантал орталықтардан электронды түрде түседі. Жаңа туған нәресте үйіне шыққаннан кейін 3 күн ішінде учаске дәрігері медбикемен бірге патронаждық қызмет көрсетеді. Мамандар анасының да көңіл-күйін сұрап, баланы дұрыс қарап-күтуді үйретеді, егер қауіпті симптомдар анықталса, дәрігерді шұғыл шақыру қажет.
Қазақстанда шұғыл көмек кез келген адамға тіркелген жері мен тұратын орнына қарамастан тегін беріледі. Созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек үйіне жеткізіледі.
Қазір күндізгі стационар, физиопроцедура, скриниг тексеру кабинеттердің жұмысы тоқтатылды. Карантин кезінде стационарды алмастыратын қызмет (күндізгі стационар) көрсетілмейді. Жоспарлы иммунопрофилактика іс-шаралары кейінге қалдырылды. Тек егу күнтізбесіне сәйкес периантал орталықтарда жаңа туған нәрестелерге туберкулезге және «В» гепатитіне қарсы вакцина салынады. Мысалы, үй жануары тістеп алса, құтыруға қарсы екпе салынады.
Төтенше жағдай режиміне байланысты МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі шілденің 1-іне дейін ұзартылды. Осы аралықта әрбір адам, тіпті медициналық сақтандыру қорына жарна төлемеген жағдайда да сақтандырылған болып есептеледі және екі пакетте де — ТМККК және МӘМС медицина көмегін алады.
Емханада стоматологиялық шұғыл көмек алуға болады. Мысалы, тісіңіз қатты ауырып тұрса немесе пульпит жағдайында. Еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.Ол үшін алдымен қашықтан кеңес алу қажет. Дәрігер пациенттің жағдайын қарайды, ЖРВИ белгілері болмаса, үйге келіп тексеруі мүмкін немесе қабылдауға, тексеруге шақырады. Инфекция стационарынан шыққаннан кейін, коронавирус инфекциясынан емделген адамдарға еңбекке жарамсыздық парағы қашықтан ресімделеді. Пациент 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде болады.
Асхат Бейсенбаев,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының
директоры.
Эдгар Куралов,
аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері.