Бүгін БАҚ-мен өткізілген брифингте Педагог қызметкерлердің аттестациясы туралы әңгіме де қалыс қалмады. Басқарма басшысы мұғалімдер аттестациясының әу-жайын қаламгерлерге мейлінше түсіндіріп өтті. Жанат Тәжиеваның айтуынша, ҚР заңнамасына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар бес жылда бір рет аттестациядан өтуге міндетті дейді. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын да аттестациядан өтуге болады. Оған қоса, жалпы орта білім және арнайы білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін педагог қызметкерлер жаңа форматтағы аттестаттау жүйесі бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, педагог қызметкерлер (https://ngt2020.testcenter.kz) сынама тестті 2020 жылдың 30 мамырына дейін тапсыруға болады және онлайн режимінде тіркелуге болады.
Шымкент қаласы бойынша барлығы – 4378 педагог ұлттық біліктілік тестілеуге барады деп жоспарлануда. Олар:
1. Жалпы орта білім беретін мектептер (мемл., ж/м) – 3526
2. Мектепке дейінгі мекемелер – 474.
3. Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері – 378.
Біліктілігін аттестаттаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктері қолданыстағы санаттарға эквивалент ретінде ендірілген.
Педагог-модератор 30 пайыз (2 санат), педагог-сарапшы – 35 пайыз (1 санат), педагог-зерттеуші – 40 пайыз (жоғары санат), шебер – 50 пайыз (жоғары санат) айлық жалақылары өседі.
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуі;
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесі бір жылға дейін жарамды.
Тестілеуде оң нәтиже көрсеткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне өтеді.
© DIDARBEK.kz