Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы полицейлері Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, оның тамыры терең тарихымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Өздеріңізге белгілі мерекеге толы мамыр айында «Халықаралық музейлер» күні аталып өтіледі. Қиын да қауіпті полиция саласында ҚР ІІО-ның музейлері ерекше орын алады, олардың қызметі полиция қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың арасында полиция қызметін насихаттауға бағытталған.
Осыған байланысты Түркістан ҚПБ-ның басқа қала-аудандардан келген қызметкерлеріне Түркістан қаласының көнеден келе жатқан орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Екінші Мекке атанған Түркістанның қасиетті кесенесінің қыр-сыры, тарихымен танысқан полицейлер өте ерекше әсер алды. Өйткені киелі мекеннің адамды өзіне тартар керемет қасиеті бар. Осы тұста көпшілікке Түркістанды «Рухани Астана» етіп тұрған қасиетті кесененің кішігірім тарихымен таныстырсақ;
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Сопылық идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүргендіктен оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуан-и Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Әмір Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін екі жүз жылдан соң қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүниежүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай құрамына кіретін 20-ға жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру ісін «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда.
Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.
Осылайша полицейлер дүниежүзі адамдарын қызықтыратын тарихи жәдігерді көре отырып, тарихымен танысу бақытына ие болды.
©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу