Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Үздік тәжірибелер аймағы

ЭКСПО – 2017: Үздік тәжірибелер аймағы

Үздік тәжірибелер Аймағы (eBPa) – тұрақты энергетиканың әртүрлі салаларында: электр қуатын өндіру, сақтау және қолдану, ауа райының өзгеруімен күрес, немесе дамып жатқан елдерде электр энергиясына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үздік технологиялар, жобалар мен стратегияларыұсынылған ЭКСПО-2017 көрмесінің символикалық орталығы.

Жаһандық питч шеңберінде Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу басқаруымен Халықаралық Комитет жүзден астам өтінімнің ішінен 13 елдің 24 жобасын іріктеп алған.

Павильон алты тақырыптық аймаққа бөлінген және Энергия ағыны (Energy Stream) –импульсивті жарық инсталляциясымен біріктірілген.

Бірінші және сансыз аймақ: жаңғыртылатын және баламалы энергия

Жаңғыртылатын немесе «жасыл» энергия табиғи жолмен толығып отыратын сарқылмайтын ресурс қорының көзінен алынады. Бүгінде гидроэнергия жаңғыртылатын энергияның негізгі түрі болып саналыды. Сондай-ақ тиімділігі жағынан жел, күн, биомасса, геотермальды көздерінің энергиясының да әлеуеті зор. Баламалы ресурстарды қолдану экономикалық зиянсыз және энергия алудың ең тиімді әдісі.

Бұл аймақта индустрия алыптарының: Andtritz Hydro, Greenrail, Scrooser, Formula E, Heliovis, Angled Bladesсу жаңа зерттемелері, сонымен қатар био-технологиялар саласының, мысалы: Bioo және Glowee жаңа жобалары ұсынылған.

Энергияны Сақтау

Әртүрлі нысандарға арналған қажетті электр қуатының деңгейі күн мен жел шығаратын энергияларының көлемі секілді өзгеріп отырады. Энергияны сақтау – бұл максималды сұраныс пен жеткізу тапсырысының қауырт шағы арасындағы теңгерімді қолдау үшін қорды жинау.

Сақтау – жаңғыртылатын энергия қуаттылығын ашудағы негізгі бағыт. Сақтау жүйелері толық көлемде тұтынылмай жатқан өндірілетін энергияны жинақтауға, нысанның өз бетінше энергетикалық қамсыздығының деңгейін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұл аймақта индустрияның екі алыбы: Viessmann және Primus Powerжобалары ұсынылған.

Ойын-сауық пен білім алуды Energy Spot аймағынан табуға болады.

Энергия әржерде: қалада, тіпті, аяқ астында, қасбеттерде, үйреншікті көлікте бар. Кейде тек қолдағы инфрақұрылым мен адамдардың жүріс-тұрысына жаңа көзбен қарау жеткілікті, сонда күнделікті өмірде сол энергияны шығару және қолданудың әдістерін табасыз.

Келушілердің қадамдарынан электр тоғын алатын Pavegen жобасы 360 градустық гифті алуға мүмкіндік береді; «Solar Rickshaw–Күн каретасымен» көшеде серуендеуге болады; екінші қабатта Platio инсталляциясында өзіңізді Годзилла ретінде сезінесіз; сондай-ақ Energy Labойынында өзіңізді энергетик рөлінде сынап көруге болады.

Табиғи ресурстар энергиясы павильонның екінші қабатын ашады.

Табиғи ресурстар – энергияның сарқылмас көзі. Сарқылмайтын ресурстарға қысымды азайту үшін жаңғыртылатын энергия көздерін: су, жел, күн ресурстарын қолданудың тиімділігін жоғарылату керек. Қалпына келтірілетін ресурстардан энергия шығарудың заманауи техологиялары – қоршаған ортаға зиян келтірмейтін энергетикалық автономияның мықты негізі. Осындай шешімдерді енгізу қаржылық тұрғыдан, экологиялық тұрғыдан да тиімді. Энергиялық ресурстарды қолданудың тиімділігі олардың энергияның ақырғы түріне немесе өніміне түрленуімен сипатталады.

Жобалар: CMD ECO 20, SOLAR OXYGEN, RAINMAKER WORLDWIDE

Одан кейін екінші қабатта Энергиялық тиімділік және Дәстүрлі энергия аймағы орналасқан.

Энергияны тиімді пайдалану немесе тұтыну мен шығару көрсеткіштерінің теңдестірілген ара қатынасы коммуналдық шығынды азайтып, сондай-ақ өнеркәсіптердің өнімділігін жоғарылата түседі. Энергиялық тиімділікке қол жеткізілген жағдайда энергетикалық әлеуеттің жоғары деңгейі қамтамасыз етіліп, ресурстардың аз көлемі қолданылады. Бұл жылыжай газдары мен өзге де зиянды заттардың атмосфераға шығуын азайту үшін қазба отынын қолдану технологиялары үшін маңызды.

EXPO – 2017

Пікір жазу