ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы таныстырылды.
Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады.
Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана айтылып бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында, 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып, содан бері қоғам қайраткерлері мен белсенділер, ғалымдар мен зерттеушілер түрлі жиын, кездесулер өткізді. Қоғамдық талқылаулар жүрді. Бір анығы, латын әліпбиіне көшу мол байлықтың кілті, қазіргі заманның талабы.
Латын әліпбиі ертеңгі елдігіміздің кепілідігіне, интернет, жаңа бұқаралық ақпараттар сияқты уақыт талабымен үндескен заманда өз-өзінен керек болып шығатыны анық.
Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш, әлемдік өркениетке жетудің басты жолы. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ-технологиялардың тілі.
Біз, Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары, Елбасымыздың латын жазуына көшу бастамасын бірауыздан қолдаймыз.
Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы,
«Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы
Бекенова Құралай Әбдуәліқызы,
«Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Әбішева Хадича Ағзамқызы,
«Сана-Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Караибрагимов Раис Казымұлы,
ОҚО Қоғамдық қор микрокредиттік ұйым «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қорының» төрағасы
Есенниязова Нұра Қоқымбайқызы,
«Өркен» қоғамдық қорының төрайымы
Маманова Дана Әбдіманапқызы,
«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Абдуллаева Роза Сәрсенбайқызы,
«Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Андабаева Гүлсім Бахытбекқызы,
«Қасиет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы