Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Артық ғылым – кітапта

Артық ғылым – кітапта

Хакім Абай: «Артық ғылым кі­тапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлі­шер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиет­ке тарту мақсатында өз қаража­тынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 кітап қорын сыйлады. Артық ғы­лымның кітапта екенін сезінбесе, ауылдағы ағайынның, жас жет­кін­шектің көкірек көзі ояу болғанын қаламаса, осындай іс-әрекетке барар ма еді?! Максим Горькийдің «Егер мен байысам – тек қана кітап сатып алар едім» деген сөзі еске түседі. Кейіпкеріміз де бала кезінен осы қағидамен өмір сүріп келеді. Қазір ауыл кітапханасында кітап құшақтаған бала көрсеңіз, кейіпкеріміздің арманы орын­далғаны.

Кейіпкеріміз марапаттан да кенде емес. Елге атқарған игілікті істері үшін, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, спорт саласына қосқан үлесі үшін Түлкі­бас ауданы әкімінің алғысхат­тарымен, Оңтүстік Қазақстан облы­сының туризм, дене шынық­тыру және спорт басқармасының Құрмет грамотасымен, ұлттық қо­ғамдық «Алтын жүрек» сый­лығымен марапатталған. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы. Елбасының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәр­лікпен атсалысу – шынайы пат­риотизмнің маңызды көріністе­рінің бірі. Бұл – кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біз­дің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жү­гірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тарап­тан сұқтанған жат жұртқа Атаме­кеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» дейді.

Басқа қалаға көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпай, үнемі қам­қорлығына алып жүретін азамат­тарды да ел білуге тиіс. Өркен Есейұлы: «Еліме титтей де бір жақ­сылық жасасам, ол атымды шы­ғарсам деген мақсаттан туындап отырған жоқ. Қолымнан келсе, елге шапағатымды тигізгім келеді. Ауылыма иненің жасуындай жақ­сылық етсем, ол анам мен әкемнің алдындағы балалық парызым. Абай атамыздың: «Өзің құрмет­темеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?» деген аталы сөзі бар. Ата-анамыз өмір бойы туған жерде еңбек етіп, тер төкті. Біздің де мақсатымыз – елдің береке-бірлігін, ынтымағын сақтай оты­рып, үлкен-кішіге құрмет көрсету» дейді.

Қандай жағдай болса да, замана қалай құбылса да, адамдық қасие­тінен айнымайтын, ел-жұртын ұмытпай, оған қамқорлық жасап жүрген жандар көп. Соның бірі – Өркен Есейұлы. Хакім Абайдың: «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйі­нерге жарар ол» деген өлең жолы еске түскенде, ел үшін, ұрпақ үшін еңбек етіп жүрген осындай азамат­тарымыз ойға оралары анық. Халық қалаулысының атқарар ісі алда. Әлі талай биіктерді бағын­дырары сөзсіз. Туған жерден, яғни Түлкібас ауданы, Машат өңірінен спортта бағы жанған мықтылар топ жарып жатса, онда Өркен Есейұлы­ның арманы орындалғаны.

Гүлзина БЕКТАС,
«Айқын» газетінің тілшісі

Пікір жазу