Білсеңіздер, облысқа қарасты аудандарда орталық кітапханалар жұмыс істейді.
Алла нәсіп етіп бүгін Түлкібас ауданына аяқ бастық.
Сапар барысында қызығушылық танытып кітапханаға кіріп, жұмысымен танысуды ұйғардым. Бұл кітапхана дәл аудандық әкімшіліктің жанында орналасқан.
Рухани ордада 5 бөлім жұмыс істейді екен.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы “Цифрлы Қазақстан” болуға бар жігерін жұмсауда.
Әрдайым бір “бірақ” шығатынын біліп тұрсыздар ғой….
Кітапханаға кірдім. Таныстым. Білдім. Көрдім. Қызметкерлердің образына ендім.
Мемлекетті дамыту мен өркендету мәдениет пен тарихқа тікелей байланысты және егіз ұғым.
Түлкібас ауданында жалпы саны 27 кітапхана, оның ішінде 25 ауылдық кітапхана халыққа кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр.
Ауданда алғашқы кітапхананың іргетасы 1969 жылы қаланған.
Бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қоры — 442492 дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде — 229238 дана. Кітапханалар жылына 5000-ға жуық жаңа әдебиеттермен қамтамасыз етіліп, халыққа ұсынылуда.
Аудандық кітапханада 2013 жылдан бастап РАБИС каталогизатор модулі жұмыс істейді. Қазір осы бағдарламаға 105753 дана кітап енгізілді, оның ішінде мемлекеттік тілдегі енгізілген кітап саны — 62435 дана.
Аудандық орталық кітапханада аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалануына, ой-өрісін кеңейтіп, көптеген қызықты іс-шаралар өткізулеріне мүмкіндік алуына және түрлі акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, зияткерлік ойындарға және басқа да іс-шараларға қатысуына ықпал жасайтын коворкинг орталығы тынбай жұмыс жасауда.
Тегін интернет желісін бүгінде студенттер мен мектеп оқушылары пайдалануда.
Карантин жағдайына байланысты кітапханаларда әлеуметтік желі аясында онлайн форматта 600-ден аса кітапханалық мәдени көпшілік іс-шаралар бейнекөрсетілім арқылы және 600-ге жуық кітаптарды жарнамалау, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, оқырмандар назарына ұсынылып келеді.
© Азат Дидарбек