(95). Қуаты 220 мВт «Бозарық» қосалқы станциясын пайдалануға беру. Қуаттылығы 220/110/10 кв «Бозарық» қосалқы станциясының және 220 кВ әуе желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталып, электр қуатына қосылды.
(96). Екі қосалқы станцияны (қуаты 110 мВт «Ақжар» және «1-М-1») іске қосу.
1) Қуаттылығы 110/35/10 кв «1-М-1» қосалқы станциясының және 110 кВ кабель желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталды, нысан 13.11.2021 жылы қосып тексеру жұмыстары жүрігізіліп, электр қуатына қосылды.
2) Қуаттылығы 110/35/10 кв «Акжар» қосалқы станциясының және 110 кВ кабель желісінің құрылыс жұмыстары 70% аяқталды, нысан құрылысын 30.12.2021 жылы 100% аяқтау жоспарланған.
(97). «Ынтымақ» қосалқы станциясын іске қосу 02.08.2021 жылықуаттылығы 110/35/10 кВ «Ынтымақ» қосалқы станциясының және 110 кВ электр желісінің құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, №19-0311/21 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 11,8 млрд. теңгені құрайды.
Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы бастап 2023 жылы аяқтау жоспарда.
(98). 430 мың адамды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік» және «Қызылсу» 2 қосалқы станцияларын іске қосу.
Бүгінгі таңда, қуаттылығы 220/110/10 кВ «Қызылсу» қосалқы станциясының және 220 кВ электр желісінің құрылыс салу үшін жергілікті бюджеттен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп, жобалаушы мекеменің аынқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс нәтижесі қыркүйек айының соңына дейін шығарылып, жобалау жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Құрылыс мерзімі 2023-2025 жылдары.
220/110/10 кВ «Оңтүстік» қосалқы станциясы бүгінгі таңда әзірленудегі «Шымкент қаласының электр желілерінің 2021-2030 жылдарға даму схемасы» бекітілгеннен кейін, 2022 жылы ЖСҚ әзірлеу содан кейін 2023-2025 жылдары құрылысын салу жоспарланған.
(99). Электр қуатымен қамту 180 мвт-тан 350 МВт-қа арттыру.
Қуаттылығы 220/110/10 кв «Бозарық» қосалқы станциясының және 220 кВ әуе желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталды, нысанды сынақтан өткізу үшін тоқ берілді. Арнайы мекемелермен тексеріп бақылау жұмыстары жүруде. Аталған қосалқы станциясы қалада тоқ көзін 220 МВт-тан 300 МВт-қа ұлғайтады.
(100). Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.
2021 жылы сапалы электр қуатымен қамту үшін бюджеттен 11,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 қосалқы стансаның, 1 ағымдағы жөндеу, 16 елді мекенде ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
— Бозарық 220/110/10 кВ қосалқы станса
— «Ақжар» 110/35/10кВ
— «1-М-1» 110/10кВ қосалқы стансалар
— Ағымдағы жөндеу жұмыстары
— Жалын
— Достық ш.а. 2 кезек
— Ақжар
— Батыс
— Туран (10 РП)
— Нұртас
— Сауле
— Туран (ішкі желілер)
— Достык т.а.(ДКЗ)
— Жаңаталап, (ДКЗ)
— Қайнар бұлақ(ДКЗ)
— Солтүстік саяжай(ДКЗ)
— Ынтымақ-2(ДКЗ)
— Айкөл(ДКЗ)
— Игілік(ДКЗ)
— Тәуелсіздікке 20 жыл(ДКЗ)
Жыл қорытындысымен 3 қосалқы стансаның, 1 ағымдағы жөндеу және 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Қалған 9 елді мекен құрылысы 2022 жылға өтпелі.
қосалқы станса: Бозарық 220/110/10 кВ, «Ақжар» 110/35/10кВ, «1-М-1» 110/10кВ
елді мекендер: Достык т.а., Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95%-дан, 97%-ға дейін өседі.
Қала көшелерін жарықтандыру
(125). Қаланың барлық көшелері мен аулаларын жарықтандыру
Қазіргі уақытта қаланы түңгі жарықтандыру қамту көрсеткіші 30-% құрайды.
Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында қосымша 312 көшені(2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы — 102 көше, 2023 жылы — 106 көше)жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 104 көшені мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жарықтандыру жоспарланып «ABM Building 2007» ЖШС-мен келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 51 көшеде аяқталды.
(144.3) Ақылды көше жарығы
Қазіргі уақытта қала бойынша 43 көше ақылды көше жарығымен қамтылған. Қамту көрсеткіші 5,8-% құрайды.
Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021-2023 ж.ж мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ГЧП) бағдарламасы аясында жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру көзделуде. Яғни, диспетчерлік орталық құрылып, жарықтандыру жүйелері орталық арқылы толықтай басқарылады (атап айтқанда, күйген светильниктерді кері сигнал арқылы автоматты анықтау, түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулағанда светильниктердің жарық беру пайызы автоматты төмендеу т.с.с.).
Ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында, қосымша 136 көше ақылды көше жарығымен қамтылып, жыл соңына дейін жалпы саны 179 көшеге жететін болады. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 51 көшеде аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.