Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлықтық жағдайдың минустарын азайтады. Осы мақсатта кеше Қазақстанның Премьер-министр өз ойын айтты. «Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жол картасын әзірлеп жатырмыз 43 тармақ бойынша бір мәмілеге келіп отырмыз. Біздің қызметтер оларды одан әрі жүзеге асырумен айналысады», – деді Бақытжан Сағынтаев. Ал, Қырғызстанның Үкімет басшысы Сапар Исақов асығыс шешім шығармай, арнайы мәлімдеме жасайтынын айтты. Десе де, Бақытжан Сағынтаевтің ұстанған саясатын қолдауға лайық. Яғни арнайы бағдарламадайындап, екі жаққа да тиімді әрекет етуі ішімді жылытады. 48 тармақты жол картасының ішінде көлік тасымалы, сауда-саттық, екі жақты байланысты одан әрі дамытуға сеп болады деп ойлаймын. Оған, екі мемлекеттің де билігі ынталы. Себебі, Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков билікке келгелі екі тараптың ккімет басшылар екі рет бас қосып, ортақ мәмлеге келу үшін әрекет жасауда.
Бағдат Төлегенов,
экономист-сарапшы.