Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Білім беру қызметкерлерінің панельдік секциясы өтті

Білім беру қызметкерлерінің панельдік секциясы өтті

Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-қызметкерлерінің қатысуымен Жол-көлік колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру – еңбек нарығының жаңа серпіні мен мүмкіндіктері» Панельдік секциясы өтті.
Мақсаты — Мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қарау .
Мемлекет басшысы және Үкіметіміз жастардың сапалы білім алып, осы заманғы техника құралдарын шебер меңгеруіне барынша жағдай жасап отыр.
Осы жылы оқу ғимараттары талапқа сай барлық мемлекеттік, жекеменшік колледждерге мақсатты тапсырыс негізінде студенттер қабылданды.
2022-2023 оқу жылында қаламызға 12 мыңға жуық мемлекеттік тапсырыс берілсе, 2023-2024 оқу жылында республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға деп белгіленіп отыр.
Басқарма басшысы Ж.Арысбекқызы алдағы уақытта мектептермен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жандандыруды, өңіріміздің индустриялық, инновациялық дамуын ескере отырып, сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашуды, мүдделі тараптармен бірлесіп, кәсіпорындардың сұранысы бойынша оқыт үшін кәсіпорындармен шарттар жасасу бойынша жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Студенттермен жұмыс жасауда «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін барлық ТжКБ ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін кедергісіз жағдайлар жасау, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында тиісті тапсырмаларды жүзеге асыру туралы баяндалды.
Колледж педагогтеріне қойылатын талаптар, олардың имиджі мен кәсіби шеберлігін арттыру, салалар бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурстарына педагогтардың қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері ортаға салынды.
Колледждерді ірі бизнес өкілдерінің қамқорлыққа алуын жүзеге асыру қажеттігі, меморандумдар мен келісімдерге қол қою шаралары жалғасын табуы қажеттігі ескертілді.
Өз кезегінде студенттерге тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен адами құндылықтарын жетілдіріп, қажетті өмірлік дағдаларын қалыптастыру қажеттігі айтылды. Студенттердің сыни ойлау, жеке азаматтығын арттыру қасиеттерін арттыру үшін Студенттік Парламент, Дебаттық пікір-сайыс клубтарын ұйымдастыру, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ профилактикалық есепте тұратын студенттерді іс-шараларға көптеп тарту педагог-қызметкерлердің назарына жеткізілді.

Пікір жазу