Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АШЫҚ СТРАТЕГИЯ — ИГІЛІКТІ ҚОҒАМ

АШЫҚ СТРАТЕГИЯ — ИГІЛІКТІ ҚОҒАМ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйектің 1-індегі халыққа арнаған Жолдауының ауыл тұрғындары үшін қажетті тұстары мен ерекшеліктерін атап өтуді жөн санап отырмын.
Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам екендігі, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласу қажеттілігі өте маңызды. Әрине одан бөлек әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсету мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесу қажеттілігі қадап айтылып, бірінші бағдар, жаңа экономикалық саясат негізіне экономикамызда қордаланған мәселелерді ескере отырып, шикізатқа әлі де тәуелді екендігімізбен қатар еңбек өнімділігі төмен әрі инновация жеткіліксіз екендігімен қатар ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырғандығын ескере отырып,мұның барлығы – күрделі мәселелер екендігін алға тартып,Президентіміз оны шешудің нақты жолдары бар екендігін атап өтті. 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетіндігі мен оның ең түйткілді тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға жататындығы, сондай-ақ, жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін толық цифрландыру мен тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыруды жөн деп санап, ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшудің тиімділігін айтты. Салық төлеушілерді салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету керектігі,салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа кодексте қарастырылуы арнайы пысықталды. Сонымен қатар автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесі тұрғысында кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер онсыз да көпшіліке мәлім екендігін ескере отырып, заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде әрі заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдауды, биылғы қыркүйектің 1-іне дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды ретке келтіруді, оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынды. Әрине бұл ауыл тұрғындары үшін шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі болып келген. Бірақ бұл бағыт – іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты екендігін ұмытпаған жөн. Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі мен олардың теріс әсер еткеніне шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажеттілігін де қоса атап кетті.
Ал кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиімділігін айқындап, бюджет саясатына реформа жасалатындығын бюджет кодексінде шекті нормативтер бекітілетіндігінде назардан тыс қалдырмады. Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе деп, қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсайтындығымыз айтылды. Келесі жағымды мәселе. Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беріп, еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетіндігі де қуантарлық жағдай.
Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізудің негізділігін атап өтті.2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма беріліп, Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алуын тапсырды.
Одан бөлек Үкіметке денсаулық сақтау саласын
және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырды. Бұл тұрғыда еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетіндігін айтып, осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайтын болады.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын дамытып, сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетіндігі, денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға артатын болды. Келесі кезекте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатындығы мен қатар апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешілетін болды.
Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатқандығын ескеріліп, қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет екендігі тілге тиек етілді. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады.
Жолдауда жақсы жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біз жұмыс істеуіміз керек.
Қ.Әділбек,
Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Пікір жазу