Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сыбайластыққа соққы: Жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру қажет

Сыбайластыққа соққы: Жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру қажет

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамадасында» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрылды.
Осыған байланысты, азаматтық қоғамдық сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы күреске барынша жұмылдыру, тұрғындар арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жергілікті қоғамдық кеңестер мен аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесімен бірге жүргізу ұсынылды.
Біздің басты ұстанымымыз – әділдік пен заң үстемдігін орнату.
Сәйкесінше, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың нәтижесінде, жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру, яғни пара алуды, пара беруді өз мәселелерін шешудің оңай әдісі деп қарайтын тұлғалардың үлесін түбегейлі азайту.
Бұл жұмыстар тек агенттіктің қызметімен шектелмейді. Бұл жұмыстарға барлық мемлекеттік органдардың қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды.
Байқасаңыздар, елімізде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік артып, жүйелі жұмыстар нәтижесімен жыл сайын коррупция үшін жауапкершілік те күшейіп келеді:
— Бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуі міндеттеледі.
— Парақорлық үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды.
— Жемқорлар үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды.
— Ауыр жемқорлық қылмыстары үшін түрмеден ерте босату шектелді.
Конституцияда «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең», – деп көрсетілген.
Қоғам өкілдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүйелі түрде алдын-алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан, жылына бірнеше рет жиналыс жасап айтылып жатқандардан, әріптестерінің басына түскен іс бойынша көрсетіп жатқан бейнероликтерді көріп сабақ алмай, үйреншікті жемқорлық әрекеттерін әлі де жалғастырып жатқан лауазымды тұлғалар бар. Әрине бұл, өте өкінішті жағдайлар.
Бұл дегеніміз, азаматтар біле тұра, пара алуға, пара беруге бейім. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, ең жиі ұсталатындар – әкімдік (үш жыл ішінде -84) және полиция (28) қызметкерлері екен.
«Ауырып ем ізегенше, ауырмайтын жол ізде», — деген халық даналығы бар. Сіздерден осы қағиданы ұстанып, Отан алдында жүктелген міндеттеріңізді адал атқаруға шақырамын.
Б.Айтбаев,
аудандық Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
әдеп және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Пікір жазу