Сайрам ауданының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Озай зеки» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы «Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру» тақырыбы аясында кеңінен баяндалды.
«Қазір ауылшаруашылығы саласы мемлекеттік қолдау күтеді. Субсидия кейде тиісті жеріне жетіп бармайды. Сондықтан Жолдауда бұл салаға да баса назар аударылды. «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керектігін жеткізді».
Сондай-ақ әділет бар жерде, қоғамда қолайлылық болады. Бір жағадан бас шығарып жұмыс істегенде ғана жетістікке жетеміз. Жаңа Қазақстан жаңа ойлар мен бастамалардың арнасы. Кісілік қасиеттің парасаттылықпен келетінін ескерсек, патриоттық да адамдықтан туады. Бірігейік, мемлекет басшысын қолдайық,- деді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ғалым Медеуов.
Айта кетейік, Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында Қазақстанға танымал «Озай Зеки» ЖШС жұмыс жасауда. Кәсіпорын 2013 жылы іске қосылған. Жоба авторлары түркиялық ағайынды Эмин, Эмрах пен Эмре есімді азаматтар. Олар әр түрлі сүт өнімдерін өндіріп, сонымен қатар көптеген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Әкелерінен үйренген ірімшік дайындау өнерін мекеме басшылары өзгелерге де үйретіп, өз зауыттарының өнімін көпке танымал етіп үлгерген. Ірішіктен бөлек «Үш Эм» брэендімен қаймақ, сүзбе, май секілді өнімдерін де өндіріп отыр.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жеке қаржысына және «Бизнестік жол картасы 2020» бағдарламасымен біріге отырып ашылған. Жоба қуаттылығы қазіргі таңда тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Шикізатты аудандағы шаруа қожалықтарынан алуының арқасында табиғи өнімді ғана пайдаланып, халықта таза, әрі сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Өнімнің өткізу нарығы ішкі нарық. Бүгінгі таңдағы жұмысшылар саны 15 адам.