Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген «Әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет. Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керек» деген тұжырымын негізге ала отырып, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Егемендіктің қадір-қасиеті — жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды Қарулы Күштеріміз қас қақпай күзетіп тұр. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеріп, кәсіби машығын шыңдадық.
Бүгінде армиямыз — елдігіміздің берік қалқаны, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры» деген ұстанымды жігерлендіру және нығайту — мақсатымыз.
Әскери өмір жастардың шынығып, шымыр болуына, патриоттық сана-сезімнің артуына және өзіндік шешім шығара білетін жігіт болып есеюіне ықпал ететіні белгілі. Сыртқы сұқ көздерден сақтанудың алғышарты — азаматтарымыздың әскери даярлығында жатыр. Армияға алынып, сарбаз сапына қосылып, әскери өмірді көру, одан қалды, түрлі техниканы меңгеру — ер-азаматтарға артылған абыройлы міндет. Қазақстанның қазіргі армиясы шағын. Сондықтан Кеңес өкіметіндегідей бозбала біткен әскерге алынбайды.
Осыған сәйкес, Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 2022 жылғы «Күзгі мерзімде әскери қызметке шақыру» жұмыстары жүріп жатыр. Мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзмін өткермеген азаматтар шақырылуға жатады.
Егер әскерге шақырылушылардың әскери қызметті өткеруден себепсіз жалтарғаны анықталатын болса, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салынуға немесе бір жылға бас бостандығынан айырылуға жазаланады. Дәл осы әрекет:
1) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы;
2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;
3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет — үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Оған қоса Қазақстан Республикасының Әкім-шілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамауы және медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабы —
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кентінің, ауылдық округтің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзіретін шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әс-керге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананы, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысының 9-тармағы —
Ұйымдардың басшылары азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақырылуға жататын азаматтарды демалыстардан ша-қыртып алады, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі әскерге тек төзімді, озық ойлай алатын жігіттер керек. Әскери қызметке қазіргі керегі — сан емес, сапа. «Әскери қызмет дегеніміз — дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышығ кімде-кім әскери қызметінен жалтарса, онда ол патриот емес» деген екен халықтың батыр ұлы Б.Момышұлы.
Ал, бүгінгі жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден қаймығатын болды. Одан комиссиядан өтпеудің түрлі тәсілдерін қарастыруын ақтап алу мүмкін емес. Бұл қай қоғамда болмасын, өзекті мәселеге айналды. Жігіттеріміз әскерге бармағаннан да еш қымсынбайтын болды. Конституциямыздың 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті және Республика азаматы заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады деп жазылған. Сол себепті әскери қызметін өткеруден жалтарған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады.
Асқар САПАҚБАЙ,
Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің бастығы,
майор.