Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудандағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша негізгі индикаторлық көрсеткіштердің 10 айдың қорытындысымен орындалу барысын қарады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, әкімнің кеңесшісі Рысқұл Есполай, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Гульжан Комекова және сектор меңгерушісі А.Әсетов қатысты.
Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы өнім көлемінің нақты көлем индексін аудандық статистика басқармасымен жүргізілетін статистикалық есептерге толық енгізу қажет болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде біршама атқарылған. Биыл жаз маусымында ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлеріне тапсырылатын статистикалық есептер бойынша түсіндірілген.
Алайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ауданда ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемінің нақты көрсеткіштерін талдау барысында мал шаруашылығында бірнеше тапсырма 10 айдың қорытындысымен орындалмай отырғаны назарға алынды.
2022 жылдың қаңтар-қазандағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша 108364,4 млн. теңгені (104,3 %) құрады. Ауыл шаруашылығында 108027,7 (104,3 %), оның ішінде өсімдік шаруашылығы 53581,7 млн. теңге (105,8 %), мал шаруашылығы өнімдері 54410,3 млн. теңге (102,9%). Облыста ауданның көлемдегі үлес салмағы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4 %.
Аталған көрсеткіштердің орындалмауының нақты себептері талқыланып, сонымен қатар бөлімнің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Аудан әкімі:
— Сыбаға.кз бағдарламасы базасында тұқымдық түрлендіруге қатысуға қажетті 56809 мың бас аналық ірі қара малдың 1500 басын тұқымдық түрлендіру болса, орындалғаны 373 бас (24%). Яғни, тұқымдық түрлендіруге қосымша 895 бас тұқымдық бұқаны алу жұмыстары жүргізілмей, Сыбаға.кз базасында мерзімі өткен 4 бас бұқа бордақылау алаңына өткізілмеуде.
Аталған базамен жұмыс жүргізілмеуіне баланысты тұқымдық түрлендіруге аналық ірі қара малдарды қатыстыру, бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмалары орындалмады. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу тапсырмасы 6450 бас болса, орындалғаны 432 бас (6,7%).
Жыл сайын жергілікті ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбектері еленіп, аудан алдыңғы қатардағы орыннан көрінген болатын. Ал, бүгінгі таңда сала басшыларының немқұрайлық танытқан жұмыстарының арқасында осы саланың кейбір көрсеткіштерінің төмендеуіне кері әсерін тигізуде. Алдағы уақытта облыс деңгейінде «Алтын күз» мерекесінде күзгі жиын-терімді қорытындылау өтеді. Сондықтан, бөлім жұмысын ширату қажет. Сыннан қорытынды шығарып, нақты жұмыс атқарыңыздар, — деді.