Жасөспірімдердің, әсіресе қыз балалардың арасында тәриелік бағыттағы жиындарды өткізудің қоғамдық маңызы өте үлкен. «Балалалар жылы» аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға құқықытық сана қалыптастыру және құқықытық мәдениет қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласы Ж.Ташенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінде «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.
Жиналысқа 5-7 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Утепова ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Қазіргі кезде ата-ана тәрбиесі, содан соң мектеп қабырғасындағы ұстаздар сабағы баланың түрлі құқық бұзушылық жасамауына септігін тигізеді.
Сонымен қатар, құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi екендігі айтылды. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты. Мектеп психологы Г.Өтепова мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Қыздар клубының жетекшілері А. Сейтбекова мен А. Дүйсенбі кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті.
Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет.Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi – фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi – бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып,құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi – қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк,үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.
Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.
Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық психология, өнер құрал-жабдық адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге, өздерін де жетілдіреді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моралдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқыклық нысандары қоғамның экономи-калық қатынасын саяси және кұқықтық тілде, ал өнер-көркемдік образдармен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Мысалы, феодализм дәуірінде дін үстемдік етті. Капиталистік қоғамда құқық пен саясат билік алып, философия, өнер мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді.
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – қоғамға пайдалы іс-әрекет құқық нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құқықтық белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтық сана-сезім белгілері мыналар: Құқықты белгілеу, Құқықты түсіну, Құқықты құрметтеу, Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену, Құқықты сақтауға дағдылану, Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады. Құқықтық сана – құқық нормаларының қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органның саналы түрдегі ерікті қызмет арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады.
Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғұрлым құқықтық сананын деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта өз кезегінде мәдениетгі қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрініс табады.
Жастар арасындағы құқық бұзушылық, әлеуметтік жұмыстағы көкейкесті мәселелер
Девианттық мінез – құлықтың өткір формасына заңды тұрғысынан жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылықтар, яғни мемлекеттік немес қоғамдық не жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына, басқарудың бекітілген тәртібіне қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттер жатады.
Барлық құқықты бұзушылық қылмыс пен теріс қылықққа бөлінеді. Юристік тұрғыда бір жағдайда – құқық нормаларын бұзуға қатысты болғанымен, бұлар әртүрлі түсініктер. Олардың айырмашылығы қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты. Егер жеке тұлғаның әрекеті қоғамдық қауіпті деп қылмыстық құқыққа тиым салынса, онда қылмыс болып табылады. Теріс қылық – қылмысқа қарағанда, қоғамдық қауіпті сипаты жоқ, қылымыстық заңда қарастырылмаған, қоғамдық зиянды әрекет. Теріс қылықтар қылмыстан басқа, азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі.
ТМД елдерінің қазіргі даму кезеңі құқық бұзушылықтың, соның ішінде қылымыстың барынша өсуімен сипатталады. Бұл процестің ерекшелігіне жастар қылмысының, соның ішінде жасөспірімдер қылмысының «ерсектерге» қарағанда жылдам қарқынды өсуі жатады. Статистика мәліметтері бойынша, Қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың көпшілігінің жасы 18 – 29 жаста екен, ал әрбір оныншы 18 жасқа толмаған. Мамандар жастар ортасындағы криминализацияның мынандай алаңдаушылық туғызатын үдерістерін көрсетеді: қазіргі уақытта жастар мен жасөспірімдердің қылмыс белсенді түрде өршіп келеді. Ол жастардың негізігі әлеуметтік – демографиялық, аймақтық және кәсіптік – білім беретін аспектіліріндегі топтарын қамтиды. Жастар жұмыссыздығының өсуіне қарай жастардың ештеңеге тартылмаған топтарының арасынан криминалдық әсерге бейім топтар қалыптасып келеді. жастар қылымыс «жасырып» келеді: криминогендік әсерге бейім «қауіпті» жасқа жеке бас дамуындағы маңызды кезең 15 – 16 жас аралығы жатады; жасөспірімдер арасындағы қылмыс өсіп келеді, олардың істері Қылмыстық кодексте қаралғанымен, оларға 14 жас толмағандықтын қылмыстық іс қозғалмайды немесе тоқтатылады. Жастардың әйелдер бөлігінің қылмысы, әсіресе нашақорлық пен жезөкшелекке байланысты қылмыстар үлесі өсіп келеді.Жастар қылмысының құрамында ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылар, үлесі өсіп келеді. Жастар қылмысының топпен жасалатынын саны өсіп отыр, жастардың асоциалдық сипатындағы бейресми бірлестіктерінің құқыққа қарсы жағына қатысты әрекеттері өз шеңберін кеңейтіп келеді. Бақылаусыз қалаған жасөспірімдер қылмыстық әлемді өздеріне сіңірген жартылай криминалдық топтарға бірігеді.14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар ересектердің құқық бұзушылықтары сияқты қасақана, зорлық жасау арқылы жасайтын құқыққа қарсы мінез-құлықтарға барады. Кейбір криминологтардың пікірлерінше, көрсетілген жастағы жас адамдардың арасында кеңінен тараған “типтік” қасақана құқық бұзушылықтарына-жастар арасында сәнді болып есептелетін заттарды (радиоаппаратура, “дүңгіршіктерден” шарап, темекі заттарын және т.б.) ұрлау, автокөліктерді ұрлау; зорлық арқылы жасалытын құқық бұзушылықтарға – денеге жарақат жасау арқылы жасалатын жастар арасындағы “талқылаулар”, сексуалдық зорлау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қылмыстарының сапалық құрамы кеңейіп келеді, оларға дәстүрлі қарақшылықтар мен тонаулардан басқа бопсалау мен қорқытып ақша талап етулер жатады. Кәмелетке толмағандардың қылмысы мыналардан тұрады.Жоғарғы жасырындылығы (қылмыстардың толықтай анықталмауы), себебі: жасөспірімдерден зардап шеккен ересектер көбіне ол туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды;қылмыстың басты бөлігі ” жариялылық”, “сатып кету” сияқты түсініктер қоштала бермейтін, арнаулы қарым-қатынас орнаған орталарда жасалады; құқық қорғау органдарының аса жұмыс бастылығының кесірінен одан гөрі жеңілдеу деп есептелетін жасөспірімдер жасаған қылмыстар әдетте тіркелмей, қарастырылмай қалады;
Олармен күрес жүргізудің (ересектер қылмысына қарағанда) “сезімталдығының”, оның отбасы,тәрбие мекемелері, әлеуметтік қызметтер тарапынан бақылау деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.Осы қарастырылып отырған жастар девиациясы саласында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог жастар қылмысының жоғарыдадағы тенденцияларының себептерін білулері қажет.Жастар ортасындағы криминалдық процестердің күре тамыры посткеңестік елдердің қоғамдық өмірлерінің көптеген салаларына енген. ТМД елдерінің Мемлекет аралық статистика комитетінің бағалауынша жалпы қылмыстың, соның ішінде жастардың қылмысының өсуіне барлық факторлардың ішінде негізгі рөлді жүргізілген реформаларға байланысты туындаған теріс факторлар орнайды екен. Сол факторлардың ішіндегі ең деструктивтісі, жалпы қоғамға да, криминалдық жағдайларға да, әсер ететін, капитал мен қаржының жеке тұлғалардың қолдарында жоғарғы деңгейде шоғырлану қарқыны болып табылады. Бұл халықтың жеке топтарының арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен атногенезмді туғызып қана қойған жоқ, криминалдық тәжірбиесі бар және қылмыс әлемімен байланысы орныққан жаңадан пайда болған бизнесмендердің арасындағы әсер ету салалары үшін күрестің өршуіне әкеп соқты.
Жастар қылмысның өсуіне жағдай жасайтын және өркендеуінің қолайлы ортасына көптеген азаматтардың, отбасылардың кедейшіліктің алдында тұруы, олардың материалдық қамтамасыздығы, жұмыссыздықтың, инфляцияның, тұрмыстық қажетті тауарлардың бағаларының өсуінің қайыршылық жағдайға әкелуі жатты. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы бай мен кедейге экономикалық жағынан қабылданған шектен асып кетті. Мұндай бөліну қалыпты емес, ол қоғамның экономикалық тұрғысынан сауығанына кедерге болып, әлеуметтік ширығудың көзі болып табылады. Тонау мен ұрлық жасаудың себептерін атағанда жас қылмыскерлердің оны «байларды шешіндіру» деп атауы да тегін емес. Қазақстандағы қасақана және мүлікке жасаған қылмыстардың үлесі олар жасаған барлық қылымыстың 87 % – ын құрайды екен. Көптеген жас алдамдар құқықты бұзбай –ақ «криминалдық табалдырықтан» ойша өтіп те алды: олардың ішінде үштен екі бөлігі құқық бұзуға мүмкіндіктері барлығына сенсе, үштен аса бөлігі оны өздерінің болашақта жасауы мүмкін деп есептейді. Ақша табу жолында олардың көпшілігі заңды бұзып табуға болатынына төзімділікпен, немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қолдау көрсететіндері де бар.
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез – құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен – өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар арасында кең таралған. Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады, асоциальдық, антисоциальдық, девиантты, делинквентті, аддиктивті, аморализм сияқты мінез – құлық « кесіндісін » қоғамға тән мінез – құлық нормаларынан белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез құлық », себебі барлық әлеуметтік мінез –құлықты қалыпты және девиантты деп екіге бөлуге болады.
Девиантты мінез – құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданаған немесе қолданатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс -әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Әлеуметтік норма нақты қоғамда тарихи қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік ұйымдар мінез – құлқының, әрекетінің шегі, шарасы, мүмкіндік аралығымен анықталады. Әлеуметтік нормалар қоғамды мінез – құлық эталондарымен қамтамассыз етеді және топтар мен жеке тұлға арасындағы қатнастарды тұрақтандыру қызметін атқарады. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез – құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық және моральдық және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді. Негативті девиантты мінез құлық мынандай түрлерге бөлінеді:
аморальды- қоғамда қабылданаған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, делинквентті – қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.