Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда ата-аналардың қатысуымен жиын өтті

Түркістанда ата-аналардың қатысуымен жиын өтті

Түркістан қаласы Ататүрік атындағы N 17 мектеп — гимназиясында қоғамдық маңызы бар іс-шара болып өтті.  Іс-шарада ата-аналардың қатысуымен оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларға құқықтық сана қалыптастыру мен құқықытық мәдениет қалыптастыру, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бағытынжағы мәселелер кеңінен сөз болды.

Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құбылыс. Ол жеке тұлғаның құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының, қатынастары мен бағасының жиынтығын білдіреді. Маңызды мәселе аясында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жанатаев Нұрдаулет Ерланұлы тақырыптық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп — гимназия мұғалімі Ханзада Муталова буллинг, кибербуллинг туралы түсінік бере отырып, ата — аналармен сауықтыру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп — гимназия директоры Урумова Рахила Кенжебекқызы балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды . Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет. Мектеп- гимназияның ішкі тәртіп ережесі, » Бес терек » жобасы бойынша атқарылған жұмыстар ата- аналарға таныстырылды. Мектеп — гимназия ұжымы ата — аналар жиналысын ерекше дайындықпен ұйымдастырды. “Домбыра пати, “Жас суретшілер галереясы” , пәндік көрмелер, үйірме жұмыстары ата- аналарға ой салды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланатын оңтайлы шешім деп білеміз. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан ұсыныстар білдірілді.

Адамдардың белгілі бір мүдделеріне қатысты заң нормалары тұлғалардың санасы мен еркіне сүйеніп дайындалады. Сондықтан да сол заң нормаларында көрсетілген талаптар да адамдардың саналы әрі ерікті іс-әрекеттері нәтижесінде орындалады.Осы орайда А. Байтұрсыновтың: “…закон шығарушылар халықтың қағидалы қалпын, салтын, мінезін жақсы білуі тиіс. Оны білмей шығарған закон халықтың түзелуіне емес, бұзылуына себеп болмақшы” деген пікірі тек қана заң шығарушылар үшін ғана емес, заң үстемдігіне жетуге талпынған барлық азаматтар үшін де алтын қағида болары анық.

Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да, мүлтіксіз орындалуы да, іске асырылу деңгейі де жоғары болады. Дамыған мемлекеттің азаматы “құқықтық талаптарды міндетті түрде мүлтіксіз орындау қажет, себебі бұл менің өміріме, қоғамның дамуына пайдалы” деген нақты қағиданы түсінеді.

Құқықтық мәдениетке қарама-қайшы келетін құбылыс – бұл құқықтық нигилизм. Оның пайда болуына не себеп болады? Атап айтар болсақ, ең алдымен азаматтардың көптеген бөлігінің заңнан хабардар болмауы, өз елдерінің заңдарын білмеуі, құқықтық тәрбиенің өз деңгейінде жүргізілмеуі.

Құқықтық нигилизмнің көріністері: қолданыстағы заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді қасақана бұзу, заң тұжырымдарын сақтамау, орындамау, барлық деңгейдегі мемлекеттік өкілеттілігі бар және басқарушы органдардың іс-қимылдарының үйлесімсіздігі, адамның құқықтарын, әсіресе, өмір сүру, абырой, ар-ождан, қадір-қасиет, тұрғын үй, мүліктік, т.б. құқықтарын бұзу,тәуелсіздік, мемлекеттік тұтастық идеяларын мойындамай, сепаратистік көзқарасқа бой алдыру. Бұл дегеніміз құқықтың құндылығын саналы түрде жоюға, жоққа шығаруға бағытталған әрекет болып саналады. Яғни құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің дамуына кедергі жасайды.

Егер біз қазақстандық қоғамда гуманистік және демократиялық қатынастар жүйесін құратын болсақ оның қызмет етуіне жағдай жасауымыз қажет. Олай болса азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің мақсатын ең алдымен әлеуметтік деңгейде анықтап алғанымыз дұрыс. Тұлғараалық қарым-қатынас мәдениетіне балабақшадан, мектеп қабырғасынан баулу арқылы өмiрде өзара әрекеттестiктiң iзгiлiк қағидаларын ерiктi түрде орындай және қорғай бiлетiн құқықтық мiнез-құлықты қалыптастырамыз. Осының нәтижесінде  өнегелік- құқықтық мәдениеті жоғары тұлғаны әлеуметтендіруге қол жеткізе аламыз. Бұл тұлғаның жауапкершілігі, тәртіптілігі, еңбексүйгіштігі, заңды құрметтеуі, жеке басының намыс сезімі, білімге құмарлығының артуы сияқты іс-әрекетінен көрініс табады. Сондықтан да бала кезден бастап азаматтарға құқықтық білім беру, құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру әлеуметтік дағдыларды меңгерудің,өмірге бейімділіктің, жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.

Адам қалған құндылықты жасаушы, құрушы, жүргізуші. Қоғамдағы барлық институттар адамға, адамның игілігі үшін қызмет етуі керек. Осы тұрғыдан алғанда адам құқық нормаларын меңгере отырып, өз құқықтарын білуге және оны қорғай білуге үйрету мәселесі өзекті болып саналады.

Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесі. Құқықтың мазмұны оның негізгі бастамаларында, яғни негізгі ұстанымдарында көрініс табады. Олар мыналар: саяси биліктің халық еркіне бағынуы; меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдарына сүйену. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады. Адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардын заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; Негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы. Бүгінгі қоғамда әр адамның құқық пен адам құқығын негіздерін білуі арқылы заңға деген құрмет, заң алдындағы жауапкершілік, міндет, парызды сақтау санасы қалыптасқан. Ол құқықтың сананың қалыптасу деңгейін танытады. Құқықтық санадан адамның құқықтық мәдениеті танылады. Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқық бұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында байланыс бар. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет адамнан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Құқықтық мәдениеттің негізі адамның саналы тәртіп пен мінез-құлықтары. Құқықтық мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтық білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсынушылық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш – адамның ұяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсыну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.

 

 

Пікір жазу