Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрамда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өтті

Сайрамда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өтті

Бүгін Сайрамда сүт бағытындағы жеке қосалқы шаруашылықтың табысын арттыру бағытында тәжірибе алмасу семинары өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметін сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Аудан еңбеккерлерінің жемісті еңбегі облыс көлемінде бағаланып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «ALTYN KÚZ — 2022» мерекесінде, жыл қорытындысымен аудан екінші жыл қатарынан үздік аталды.
Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 1-орын, сонымен қатар ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан деген облыс әкімінің арнайы дипломымен марапатталған болатын.
Сондай-ақ, облыс марапаттарының ішінде ет өнімдерін экспорттаудан озат агроқұрылым «Туран Агро Ет-Сүт» АШӨК және озат мал бордақылаушы «Курбантай ата» шаруа қожалығы болды.
Бүгін Сайрам ауданында сүт бағытындағы жеке қосалқы шаруашылықтың табысын арттыру бағытында тәжірибе алмасу мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен семинар өтті.
Семинарға басқарма басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков, мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы Алмас Әшіров, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бахадир Олжаев және облыс аумағындағы Бәйдібек, Келес, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Созақ, Жетісай аудандарынан ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен агроқұрылым басшылары қатысты.
Алдымен бұқаралық ақпарат құралдары және семинарға қатысушылар Қарасу ауылдық округінде орналасқан отбасылық сүтті қайта өңдеу кәсіорындары ЖК «Алиев Бакир» және ЖК «Лапаев Бакир» отбасылық цехтарында болып, жұмыс барысымен танысты.
Аралау соңында аудан әкімі аппаратында қорытынды мәжіліспен жалғасты.
Айта кетелік, қазіргі таңда ауданда 16 дана сүтті қайта өңдеу цехтары жұмыс жасауда. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 118,7 мың тоннаны құрап отыр.
Биылғы жылы аудандағы 70,6 мың бас сиырдан 141,0 мың тонна сүт өндірілді. Сүтті қайта өңдеу цехтарында өңделіп, ірімшік, брынза, айран тағы басқа сүт өнімдері өндіріліп, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалаларының сауда орындарына шығарылады.

Пікір жазу