Қазақ руханиятының көгіне самғап, ұлтымыздың ықылым заманнан бергі асыл мұрасын ұлықтау ісіне өлшеусіз үлес қосқан аяулы тұлға, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы Ақселеу Сейдімбек Сланұлының туғанына 80 жыл толуына орай Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Алашқа ортақ тұлға» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағатқа №136 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен 7 — сынып оқушылары қатысты.
Іс шара барысында Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Оқырмандар «Аққыз» повесінен және «Тауға біткен жалбыз», «Тәтті тіршілік», «Аңшы өтірік айтпайды», «Бүркіт» әңгімелерінен үзінділер және қаламгерге арналған арнау өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Ақселеу Сейдімбектің «Сарыарқа» әніне түсірілген бейнебаян көрсетіліп, «Сал күрең» күйі орындалды. Шара соңында «Алашқа ортақ тұлға» кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырман қауымға насихатталды.
Ақселеу Сейдімбек– белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры.
Алғашқы әңгімелер жинағы «Ақиық» 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз » (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері, «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), «Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997), «Күй шежіре» (2-т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді.
Ақселеу Сейдімбектің кез келген еңбегін ашып қарасаңыз ұлтына деген сүйіспеншілігін аңғаруға болады. Оның ең басты кітабының бірі «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ халқының этногенезі мен этномәдени байланыстарына қатысты зерттеу жүргізіп, шежіре мағлұматтарын жинайды. Халқымыздың шежірешілдігіне мән беріп, Шыңғыс ханнан бастап, хандар мен сұлтандардың тарихы, түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуы туралы сыр шертеді. Сондай-ақ, қазақ мемлекеттігінің құрылымын айқындап, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың ерекше қасиетіне тоқталды. Этномәдени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі жеті атаға дейін қыз алыспау болғандығын, сондай-ақ қазақ этнологиясына қатысты тың пайымдаулар жасап, қашан да қазақы дәстүрді дәріптеп жүретін, көрген-білгені мен оқығаны көп, терең білімін халқының қазынасын зерттеуге арнады.
Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған. Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.
Ел өміріне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, этнографиясына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклорына қатысты дүниелерді молынан жинаған адам. Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ мемлекеттілігінің құрылымын, бұрынғы кезеңдерде ел басқарудың тұрпатын, қазақ халқының жүз, тайпа, ру арқылы бірлесуін, әр жүздің елдік белгілері, таңбалары т.б. толып жатқан белгілерін нақтылап жүйеге келтіре отырып, ғылыми түрде негіздеді. Хандық басқару кезінде қырық руды біріктіріп, оны үшке бөліп, елді бір орталыққа біріктірген, басқарудың сол кездегі демократиялық жақтарын ашып берген. Ақселеу Сейдімбек қазақ даласындағы соңғы үш-төрт мың жылдың аясында тұрақты қалпын сақтаған рулық жүйенің қалыптасуының өзі біздің артта қалғандығымыздың немесе озықтығымыздың белгісі емес, рулық жүйені – ұжымдасып өмір сүру қажеттігі дүниеге келтіргенін көрсетеді. Ақселеу Сейдімбек – қазақ халқының шежірелік тарихын бергі заманда энциклопедия түрінде бір жүйеге келтіріп, ұлтқа ұйтқы екенін айқындаған асылдың сынығы.