15 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні шымкенттіктер табиғатқа қамқорлық көрсетіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Мереке Шымкентте Арбат алаңында басталды.
Демалыс алаңында Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы және қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге шымкенттік оқушылар жасаған құс ұялары қойылды. Ұйымдастырушылар игі бастама ертең дендросаябақта жалғасады деп атап өтті. Талантты жас шеберлердің қолынан шыққан құс ұяларын ертең еріктілер тобы дендросаябаққа орналастырады.
–Көрмеге 1000-нан астам құс ұясы қойылды. Осы науқанға көмек қолын созған білім басқармасына алғысымыз шексіз. Жиналған ұяның 700-ін қаламыздың мектеп оқушылары өз қолдарымен жасады. Мұндай игі шаралар балаларды еңбекке баулып, Табиғат-Ананы аялауға үйретеді, — деді зоологиялық саябақтың қызметкері Назым Пердебайқызы.
Мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтары көрмеге әкелінген ерекше құстарды тамашалады. Тұрғындар арасында түрі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды.
Айта кетейік, Бұл күні адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, айналадағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызады.
Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.
Бұл күн табиғатқа арналған. Әлем халықтарының табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау туралы өзіндік көзқарастары мен қалыптасқан дәстүрлері бар. Қазақ халқының өмір салты табиғатпен тығыз байланысты.
Табиғат — адамның тіршілік ету ортасы. Халық өзін табиғаттың бір бөлігі деп санап, оның байлығын көздің қарашығындай сақтап қалды. Мұндай дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен берілген. Біздің ата-бабаларымыз табиғатты, туған жерді қорғауға шақырды, әншілер мен импровизаторлар табиғатты, оның сұлулығын жырлады.