Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының аумағында су басудың алдын алу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте көктемгі су тасқыны кезеңінде жүйелі іс-шаралардың барысы, су басуды болдырмау жөнінде жұмыстарды баяндады.
Қазіргі уақытта қала аумағында су тасқыны кезеңінде жағдай тұрақты. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстың тоғызы жарамды, бір гидротехникалық құрылыс (Ақжар су қоймасы) жөндеуді қажет етеді. Авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс жоқ. ТЖ департаменті гидротехникалық құрылыстар мен су тасқыны қаупі бар учаскелерінде аэровизуалды тексеру ұйымдастырды.
–Жалпы су қоймаларының толуы бүгінде 60-70 %-ды құрайды. Қазіргі уақытта тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Бадам, Сайрам-су, Қошқар — ата, Қара-су өзендердегі судың деңгейі ортадан төмен. Су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету, дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырмыз. Казгидрометтің мәліметі бойынша наурыз айында жаңбыр нормадан көп күтіледі деген болжам бар. Бұл дегеніміз осы мезгілде су басу жағдайлары күрделенуі мүмкін. Жалпы департамент қызметкерлері жағдайды назарда ұстап отыр, — деді Жәнібек Тұрлыбекұлы.
Қала аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары және аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде қалада ұзындығы 56 шақырым 12 канал қоқыстан тазаланған.
Сонымен қатар, Департаменттің аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге жерүсті мониторинг жүргізді. Нәтижесінде қауіпті деп танылған учаскілердегі каналдарды ирригациялық жүйелерді жиналған қоқыстан тазарту жүргізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында су тасқыны жағдайы тұрақты. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыс бар. Атап айтқанда, 4 су қойма, 3 гидроторап, 2 канал, 1 су жинағыш. Оның ішінде Ақжар су қоймасы жөндеуді қажет етеді. Авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс жоқ. Сонымен қатар, өңірімізде 4 ірі өзен мен 27-ден астам канал ағады. Жалпы су қоймаларының толуы 60-70% құрайды. Көктем мезгіліндегі тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Өзендердегі судың деңгейі ортадан төмен.

Пікір жазу